Кәсіпкерден 100 мың доллар пара алған зауыт директоры сотталды
Петропавл зауытының бұрынғы директорына қатысты үкім шығарылды. Қаржылық мониторинг агенттігі Ауыр машина жасау зауытының бас және атқарушы директорларына қатысты, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында қозғалтқыштар мен гироблоктарды жеткізетін кәсіпкерге қатысты қылмы

Петропавл зауытының бұрынғы директорына қатысты үкім шығарылды.
Қаржылық мониторинг агенттігі Ауыр машина жасау зауытының бас және атқарушы директорларына қатысты, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында қозғалтқыштар мен гироблоктарды жеткізетін кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі тергеді.
Агенттіктің мәліметінше, 2022 жылы зауыт Қорғаныс министрлігінен әскери техниканы жөндеуге тапсырыс алған. Оны орындау кезінде жеке кәсіпкермен жалпы көлемі 283,3 млн теңгеге қосалқы бөлшектер жеткізуге шарт жасалған. Орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және шартты орындау кезінде жалпы қамқорлығы үшін бас директор атқарушы директор арқылы кәсіпкерден 100 мың доллар (45 млн теңге) көлемінде пара алған.
Сотпен зауыттың бұрынғы бас директоры аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін 11 жылға, атқарушы директор 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, мемлекет кірісіне параға берілген 40 млн теңгеге сатып алынған пәтер тәркіленді. Қалған 5 млн теңге сотталғандардан тең үлестермен өндірілді.
Related

Өзекті жазбалар
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
3200 сәби: Оқас Сүлеймен не себепті Си Цзиньпиннен марапат алғаны белгілі болды
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Батыс Қазақстанда екі полицей қызмет барысында қаза тапты
Айдар Керім·