Todayinfo.kz
NewsView all articles

Кәсіпкерден миллион АҚШ долларын бопсалаған БҚО тұрғыны ұсталды

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС құрылтайшыларынан миллион АҚШ долларын бопсалаған өңір тұрғынын ұстады. Бұл туралы Todayinfo.kz Polisia.kz -ке сілтеме жасап хабарлай

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Кәсіпкерден миллион АҚШ долларын бопсалаған БҚО тұрғыны ұсталды
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС құрылтайшыларынан миллион АҚШ долларын бопсалаған өңір тұрғынын ұстады. Бұл туралы Todayinfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.  Күдікті Toyota Mark II автокөлігінің ішінде ақша алу сәтінде құрықталды. Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы жолаушылар орындығының қалтасынан 4 млн теңге тәркіленді. Сонымен қатар қаскүнемнің барсеткасынан 50 мың теңге табылды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр (Бопсалау). ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. фото: polisia.kz Todayinfo.kz

Related