КамАЗ бен пойыз соқтығысты: Атырауда 11 вагон рельстен шығып апатқа ұшырады, зардап шеккендер бар
Фото: «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Оқиға бүгін, 1 наурыз сағат 10:20-да болған, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол апаты бүгін сағат 0:20-да Тендік станциясының теміржол өткел

Фото: «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы
Оқиға бүгін, 1 наурыз сағат 10:20-да болған, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол апаты бүгін сағат 0:20-да Тендік станциясының теміржол өткелінде болған. КамАЗ жүргізушісі теміржол өткелінде тұрып қалған. Локомотив тоқтай алмай, көлікті бірнеше метрге сүйреп әкетті.
Апат салдарынан локомотив бригадасының қызметкерлері зардап шекті. Локомотив пен 11 бос вагон рельстен шығып кетті, - делінген ресми хабарламада.
Ресми мәліметке сәйкес, былтыр теміржол өткелдерінде автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуына байланысты 28 апат болды. Осыған байланысты компания теміржол өткелдерінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.
Related

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·