Todayinfo.kz
NewsView all articles

Kaspi.kz топ-менеджерлерінің табысы белгілі болды

Kaspi.kz 2024 жылы өз топ-менеджерлеріне төленген жалпы сыйақылар мен еңбекақы мөлшерін жария етті. KASE сайтында жарияланған, басқарма төрағасы Михаил Ломтадзенің қолы қойылған ресми құжатқа сәйкес, былтырғы жылы компанияның атқарушы органының мүшелері жалақы, сыйақы және басқа

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Kaspi.kz топ-менеджерлерінің табысы белгілі болды

Kaspi.kz 2024 жылы өз топ-менеджерлеріне төленген жалпы сыйақылар мен еңбекақы мөлшерін жария етті.

KASE сайтында жарияланған, басқарма төрағасы Михаил Ломтадзенің қолы қойылған ресми құжатқа сәйкес, былтырғы жылы компанияның атқарушы органының мүшелері жалақы, сыйақы және басқа да төлемдерді қоса есептегенде барлығы 91 млн 268,4 мың теңге алған.

Кімдерге төленді?

Kaspi.kz атқарушы органының құрамына төрт адам кіреді:

  • Михаил Ломтадзе,

  • Павел Миронов,

  • Юрий Диденко,

  • Тенгиз Мосидзе.

Орташа есеппен алғанда, егер олардың табысы бірдей бөлінді деп қарасақ, әр топ-менеджердің ай сайынғы табысы шамамен 1,9 млн теңгені құраған. Бұл ірі бизнес үшін салыстырмалы түрде шағын көрсеткіш саналады.

Салыстыру үшін

Бұған дейін Қазақстанның ірі алтын өндіруші компанияларының бірі – «Алтыналмас» АҚ – 2024 жылы басқарманың бес мүшесіне жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеден астам қаражат төлегені хабарланған болатын.

Related

Kaspi.kz топ-менеджерлерінің табысы белгілі болды · Todayinfo