Todayinfo.kz
RegionsView all articles

Кек алған: Ақтөбе облысында үйірлі қасқыр қорадағы бір отар қойды түгел қырып кетті

Фото: Видеодан скрин Ақтөбе облысында үйірімен шабуыл жасаған қасқырлар қорадағы бір отар қойды түгел қырып тастаған. Бұған ашуланған ауыл жігіттері қасқырды үйірімен тауып, иен далада оқтың астына алған, деп хабарлайды Todayinfo. Түз тағыларына шабуыл жасаған тұрғындардың видеос

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Кек алған: Ақтөбе облысында үйірлі қасқыр қорадағы бір отар қойды түгел қырып кетті
Фото: Видеодан скрин Ақтөбе облысында үйірімен шабуыл жасаған қасқырлар қорадағы бір отар қойды түгел қырып тастаған. Бұған ашуланған ауыл жігіттері қасқырды үйірімен тауып, иен далада оқтың астына алған, деп хабарлайды Todayinfo. Түз тағыларына шабуыл жасаған тұрғындардың видеосы тарап кетті. Видео авторының мәліметіне сүйенсек, оқиға Ақтөбе облысындағы Мартук ауылында болған. Жігіттер қасқырларды қуып жүріп атып өлтіріп отырған.
«Дым қалдырмаған. Тауық-қаздарына дейін қырып, бір алабай итін сүйреп алып кеткен», — дейді видео авторы.
Бір қора қойды қырып кеткен қасқырларды көлікпен қуған жігіттер кек алу үшін оқ жаудырған.
«Біз төртеуін атып алдық. Крассавчик», — дейді қуанаған жігіттер. 

Related

Кек алған: Ақтөбе облысында үйірлі қасқыр қорадағы бір отар қойды түгел қырып кетті · Todayinfo