«Кеудесін ұстап, киімін шешкен»: Ақтөбеде ер адам дәмхана әжетханасында қызды зорламақ болды
Фото: pixabay Ақтөбеде дәмханадағы әжетханаға кірген қызға ер адам шабуыл жасап, зорламақ болды. Қыздың жан даусын естіген басқа да келушілер оған араша түсіп, құтқарып қалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. Бұл оқиға Ақтөбедегі дәмханалардың бірінде болған.&nbs

Фото: pixabay
Ақтөбеде дәмханадағы әжетханаға кірген қызға ер адам шабуыл жасап, зорламақ болды. Қыздың жан даусын естіген басқа да келушілер оған араша түсіп, құтқарып қалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Бұл оқиға Ақтөбедегі дәмханалардың бірінде болған. Қыз әжетханада болған кезде, есік қағылған. “Бос емес” деп айтқаны сол еді белгісіз ер адам есікті бұзып кіріп, оның тамағына шанышқы тақап, кеудесін ұстап, үстіндегі киімдерін шешіп, зорламақ болды. Қыз айқайлап, көмекке шақырған. Оның дауысын естіген басқа келушілер әжетханаға жүгіріп келіп, қызды құтқарып, қылмыскерді ұстаған.
Сотта анықталғандай, зорлауға оқталды деп айыпталған күдікті әйелдер әжетханасына кіріп, қызға шабуыл жасамас бұрын басқа кабиналарды тексерген. Олардың бәрі бос болған. Кейін ол шанышқымен жәбірленуші отырған кабинаның құлпын бұзып кірген.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Ақтөбе қаласының №2 сотында судья ер адамды 6 жылға бас бостандығынан айырды.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·