Кезекті кадрлық тағайындау: Алматының бас дәрігері ауысты
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен 2025 жылы 21 шілдеден бастап қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне Марат Орымбасарұлы Пашимов тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Марат Пашимов 1981 жылы 4 қазанда дүниеге келген. Мед

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен 2025 жылы 21 шілдеден бастап қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне Марат Орымбасарұлы Пашимов тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Марат Пашимов 1981 жылы 4 қазанда дүниеге келген. Медицина ғылымдарының кандидаты.
Денсаулық сақтау саласында 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді. Әр жылдары медбике, анестезиолог-дәрігер болып жұмыс істеген. Сондай-ақ, реанимация және телемедицина бөлімшесінің меңгерушісі, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс мен төтенше жағдайлар жөніндегі бас дәрігердің орынбасары қызметтерін атқарған. Қалалық емхананы, облыстық клиникалық аурухананы, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқарған.
2023 жылдан бастап Алматы қаласындағы «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.
Related

Almaty
В Алматы открылся второй экохаб
Жаннұр Еділбаева·

Almaty
Алматыда екінші экохаб ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Almaty
10 бағыт – бір тәсіл: Алматыдағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында балаларға арналған құзыреттілік орталық ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Almaty
Алматының шығыс бөлігінде Almaty Promenade жобасы жүзеге асырылады
Жаннұр Еділбаева·