Todayinfo.kz
NewsView all articles

Киік таптаған жайылым: министрлік шаруаларға шығынды өтеудің жолын өзгертті

Ауыл шаруашылығы министрлігі киік таптаған жайылымның шығынын субсидиямен толтырудың орнына жайылымдарды тормен қоршау шығындарының пайызын субсидиялауды ұсынды, деп хабарлайды Todayinfo . «Ақбөкендердің жайылымға келтірген залалын объективті бағалау мәселесі бар. Залалды ес

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Киік таптаған жайылым: министрлік шаруаларға шығынды өтеудің жолын өзгертті
Ауыл шаруашылығы министрлігі киік таптаған жайылымның шығынын субсидиямен толтырудың орнына жайылымдарды тормен қоршау шығындарының пайызын субсидиялауды ұсынды, деп хабарлайды Todayinfo.
«Ақбөкендердің жайылымға келтірген залалын объективті бағалау мәселесі бар. Залалды есептеу қиын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы ықтимал. Әкімшілендірудің күрделілігі және ашық процедуралардың болмауы жергілікті бюджеттің тиімсіз жұмсалуына әкелуі мүмкін, өйткені шөптің мөлшері мен нақты залалды дәл анықтау мүмкін емес», – делінген министрліктің хабарламасында.
Ведомство алқаптарды қоршауды субсидиялау керектігін айтты.
«Ауыл шаруашылығы жерлерін киіктерден қоршауға арналған топсалы торларды қума метрін 700 теңге және топсалы торды бекітуге арналған бағандарды (металл немесе бетон) бір данасын 3 750 теңге сатып алу кезінде инвестициялық салымдарды өтеу үлесі жергілікті бюджет қаражаты есебінен 50% субсидияланады», – деп жазады ведомство мамандары.
Фото: gov.kz

Related

Киік таптаған жайылым: министрлік шаруаларға шығынды өтеудің жолын өзгертті · Todayinfo