Көкшетауда қаржы пирамидасының басшылары сотталды
Көкшетауда Eolus қаржы пирамидасын құрған және басқарған, сондай-ақ оны жарнамалаумен айналысқан екі қала тұрғынына қатысты үкім шықты, деп хабарлады Todayinfo агенттігі. Сотталушылардың жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен азаматтардан ақша тар

Көкшетауда Eolus қаржы пирамидасын құрған және басқарған, сондай-ақ оны жарнамалаумен айналысқан екі қала тұрғынына қатысты үкім шықты, деп хабарлады Todayinfo агенттігі.
Сотталушылардың жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен азаматтардан ақша тарту мақсатында Eolus қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны анықталды. Салымшылардың қаражаты криптовалютаға аударылып, energyeolus.info платформасына аударылған. Залал сомасы шамамен 10 млн теңге болды.
Сот үкімімен екі азамат кіінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге тұрғындардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты мүлкі тәркіленіп, қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, тиісінше 4 жыл және 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Related

Өзекті жазбалар
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
3200 сәби: Оқас Сүлеймен не себепті Си Цзиньпиннен марапат алғаны белгілі болды
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Батыс Қазақстанда екі полицей қызмет барысында қаза тапты
Айдар Керім·