«Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков жаңа көлікке ие болды. Бұл сыйлықты оған Zigi Zagi компаниясы табыстаған, деп хабарлайды Todayinfo.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық құрама мен «Қайраттың» голкипері Темірлан Анарбеков премьер-лиганың 23-турындағы матч кезінде жарақат алған еді.
Темірлан Анарбеков «Қайраттың» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне шығуына елеулі үлес қосқан спортшы. Ол шешуші пенальти сериясында бес соққының үшеуін қайтарып, командасына жеңіс сыйлаған.
Фото: instagram/f.c.kairat



