Көтерілісшілер Башар Асадтың әкесінің кесенесін өртеп жіберді
Фото: AFP Көтерілісшілер Сирияның биліктен қуылған президенті Башар Асадтың әкесі Хафез Асадтың әкесінің кесенесі мен табытын өртеп жіберді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы AFP агенттігіне сілтеме жасап. Ақпаратты Ұлыбританиядағы Адам құқықтары жөніндегі Сирия обсерва

Фото: AFP
Көтерілісшілер Сирияның биліктен қуылған президенті Башар Асадтың әкесі Хафез Асадтың әкесінің кесенесі мен табытын өртеп жіберді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы AFP агенттігіне сілтеме жасап.
Ақпаратты Ұлыбританиядағы Адам құқықтары жөніндегі Сирия обсерваториясы (SOHR) растады.
Көтерілісшілер Хафез Асадтың батыстағы Латакиядағы Кардах қаласында орналасқан кесенені талқандаған.
Хафез Асад Сирия билігін 30 жылдан астам уақыт бойы темірдей тәртіппен ұстаған. Билікті төңкеру арқылы 1970 жылы басып алған соң 2000 жылы жүрек талмасынан қайтыс болғанға дейін басқарған.
Жексенбі күні Сирияда президент сарайы тоналып, Асад отбасы мүшелерінің бүкіл елдегі мүсіндері қиратылды.
Related

World
Сол жақ моторы істен шыққан: 200 жолаушысы бар ұшақты найзағай соқты
Айғаным Нариманова·

World
Молния ударила в самолет с более чем 200 пассажирами
Айғаным Нариманова·

World
Газа аймағында 56 мың бала жетім қалды
Айғаным Нариманова·

World
Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты
Айғаным Нариманова·