Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Күмәнді көрінеді»: Депутат Азат Перуашев «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасының табысын сынға алды

Фото: stan.kz Мәжіліс депутаты Азат Перуашев “Самұрық-Қазына” қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың соңғы үш жылда миллиардерге айналғанын айтып, сынға алды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Депутаттың айтуынша, жеке кәсіпкер үшін мұндай табыс табу қалыпт

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Күмәнді көрінеді»: Депутат Азат Перуашев «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасының табысын сынға алды
Фото: stan.kz Мәжіліс депутаты Азат Перуашев “Самұрық-Қазына” қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың соңғы үш жылда миллиардерге айналғанын айтып, сынға алды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Депутаттың айтуынша, жеке кәсіпкер үшін мұндай табыс табу қалыпты жағдай, әрине. Бірақ мемлекеттік қаражат пен ресурстарға сүйеніп қызмет ететін адам осындай көлемде табыс тапса, бұл қоғам тарапынан күмән мен сұрақ тудырады.
“Ақ жол” фракциясы бірнеше рет квазимемлекеттік құрылымдардың, оның ішінде “Самұрық-Қазына” қоры мен ұлттық компаниялардың қызметін парламент бақылауына алуды ұсынды. Олардың бюджеті толықтай Парламентте қаралатын республикалық бюджетке енгізілуі тиіс. Бюджет кодексі аясында көпжылдық талаптарымыздан кейін есептер ұсыныла бастады. Біз бюджеттерді қараймыз, бірақ, өкінішке қарай, оларды бекітпейміз, тек есеп ретінде қабылдаймыз. Дегенмен бұл алғашқы қадам”, – деді депутат.
Сондай-ақ депутат бұл жүйені әрі қарай дамыту қажет екенін айтты. Оның сөзінше, парламент ақпаратқа қол жеткізіп қана қоймай, квазимемлекеттік секторды нақты бақылау тетіктеріне ие болуы тиіс.

Related

«Күмәнді көрінеді»: Депутат Азат Перуашев «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасының табысын сынға алды · Todayinfo