Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

«Лайк баспағаны үшін жазаланады»: Шымкентте қызметкерлер қысым көріп жатыр

Шымкент қаласындағы “Жастар ресурстық орталығының” қызметкерлері басшылық тарапынан қысым көріп жатқанын мәлімдеді , деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Мекеме ішінде әлеуметтік желідегі белсенділікке – яғни, басшылық жазбаларына “лайк” басу-баспауына ерекше назар ауда

By Айғаным Нариманова··2 min read
«Лайк баспағаны үшін жазаланады»: Шымкентте қызметкерлер қысым көріп жатыр

Шымкент қаласындағы “Жастар ресурстық орталығының” қызметкерлері басшылық тарапынан қысым көріп жатқанын мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Мекеме ішінде әлеуметтік желідегі белсенділікке – яғни, басшылық жазбаларына “лайк” басу-баспауына ерекше назар аударылып, бұл қызметкерлерге ресми ескерту жасауға дейін жеткен. Қызметкерлердің айтуынша, орталықтың басшылығы Instagram және Facebook секілді әлеуметтік желілердегі белсенділікті үнемі бақылауда ұстайды. Егер қызметкер белгілі бір жазбаға «лайк» баспаса немесе пікір қалдырмаса, сол үшін ескерту жасалады екен.

«Жастар орталығы өзінің ішіндегі қызметкерлерін қудалап, лайк баспаса, қысымға алып, ескерту жасап жатқаны туралы мәліметтер түсіп жатыр», – деп жазды журналист Азат Дидарбек.

Қызметкерлердің жүйке жүйесіне түскен салмақ күн санап артуда. Бүгін ғана бір қызметкер басшылық тарапынан көрсетілген қысымға шыдамай, есінен танып қалған. Жедел-жәрдем шақырылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

«Кейбір қызметкерлердің жүйкесі сыр беріп, денсаулығы нашарлаған», – делінген ақпаратта.

Мекеменің аты “Жастар ресурстық орталығы” болғанымен, қазіргі таңда жастардың мәселесін шешу емес, сол жастармен жұмыс істейтін қызметкерлерді бақылауға көбірек көңіл бөлініп жатқандай. Осыған байланысты қоғамда заңды сұрақ туындай бастады.

«Жастардың мәселесімен емес, мәселе көтерген жастармен айналысатын орталықтың басшысы қызметін асыра пайдаланып жүр ме?» – деп жазады Азат Дидарбек.

Қазіргі таңда орталықтағы жапа шеккен қызметкерлер Шымкент қаласының әкімдігінен әділ шешім мен қолдау күтуде. Жұмыс орнындағы психологиялық қысым мен кәсіби жауапкершіліктің бұзылуы еңбек заңнамасына да қайшы келеді.  

Related

«Лайк баспағаны үшін жазаланады»: Шымкентте қызметкерлер қысым көріп жатыр · Todayinfo