Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Мәһр де жоқ, күйеу де жоқ»: некелесу алдында көлік сұраған қалыңдықты жігіті тастап кетті

Имамның алдына некелерін қидыруға келген қалыңдық пен күйеу жігіт сол сәтте-ақ ажырасып кетті. Анығында, қалыңдығының сұрағанын көтере алмаған жігіт мешітте қызды тастап шықты, деп жазады Todayinfo порталы. Той көйлегін киіп, туыстарының алдында жер болған қалыңдық орнынан тұра а

By Жаннұр Еділбаева··2 min read
«Мәһр де жоқ, күйеу де жоқ»: некелесу алдында көлік сұраған қалыңдықты жігіті тастап кетті
Имамның алдына некелерін қидыруға келген қалыңдық пен күйеу жігіт сол сәтте-ақ ажырасып кетті. Анығында, қалыңдығының сұрағанын көтере алмаған жігіт мешітте қызды тастап шықты, деп жазады Todayinfo порталы. Той көйлегін киіп, туыстарының алдында жер болған қалыңдық орнынан тұра алмай қалған. Әлеуметтік желіде неке қию рәсімі кезінде күтпеген жағдай орын алған сәттің видеосы қызу талқыға түсіп жатыр. Видеодан имамның жас жұбайларға мәһрдің мәні мен оның ең төменгі мөлшерін түсіндіріп жатқанын байқауға болады. Оның айтуынша, шариғатта мәһрдің ең азы 4,25 грамм алтынға тең, бұл шамамен 150 мың теңге. Осы кезде қалыңдық сөзге араласып, діни ғұрып бойынша имам мен туыстарының алдында өзінің қалауын айтады.
«Маған мәһрге Changan көлігі керек», — дейді қалыңдық.
Қалыңдықтың бұл талабын естіген күйеу жігіт ренжіген бойда ешқандай түсініктеме берместен орнынан тұрып, бөлмеден шығып кетті. Небәрі қытай көлігіне бола қалыңдығын тастап кетуі жиналған жұртты да, қалыңдықтың өзін де таңғалдырған. Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Кейбір қолданушылар қалыңдықтың талабын «шамадан тыс» деп сынаса, енді біреулер күйеу жігіттің әрекетін «жауапкершіліктен жалтару», әрі «ер адамға тән емес қадам» деп бағалады.
«Мәһр мен бақыр. Мәһр деген шыққан екен бір. Мешітке неке қиюға келген күйеу жігіттен қалыңдық мәһрге шетелдік көлік талап еткен, жігіт некеден бас тартты. Енді мәһр де жоқ, бақыр да жоқ. Жас қыздардың арасында ашкөздері көбейген. Араласатын ортасы ма кінәлі, тәрбиеден бе?», — деп жазды «Түркітілдес журналистер қорының» президенті Назия Жоямергенқызы.
Фото: depositphotos
 
View this post on Instagram
 

Related

«Мәһр де жоқ, күйеу де жоқ»: некелесу алдында көлік сұраған қалыңдықты жігіті тастап кетті · Todayinfo