— Құқық бұзушыларға қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тарту шаралары қолданылды: қоғамдық жерде мас күйде жүру және ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіп пен адамгершілік нормаларын бұзу. Іс материалдары тиісті шешім шығару үшін сотқа жолданды, — деп хабарлады кейін Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Сондай-ақ, олар мұндай әрекеттердің қоғамдық орындарда, әсіресе тұрғын үйлер мен балалар жүретін демалыс аймақтарының маңында мүлде орынсыз екенін еске салды.
«Махаббатқа мас болған»: Алматыда күндіз жыныстық қатынасқа түскен қыз бен жігітті көпшілік тоқтата алмады (видео)
Алматыда мас ер мен әйел тапа тал түсте Солтүстік айналма жол маңында орындықта жыныстық қатынасқа түскен, деп хабарлайды Todayinfo . Куәгерлердің айтуынша, олар қатты мас болған және айналасындағылардың ескертулеріне мүлде мән бермеген. Ашулы тұрғындар, бұл жағдайға еріксіз куә

Алматыда мас ер мен әйел тапа тал түсте Солтүстік айналма жол маңында орындықта жыныстық қатынасқа түскен, деп хабарлайды Todayinfo.
Куәгерлердің айтуынша, олар қатты мас болған және айналасындағылардың ескертулеріне мүлде мән бермеген. Ашулы тұрғындар, бұл жағдайға еріксіз куә болғандықтан, дереу полиция шақырған. Біреу бұл оқиғаны видеоға түсіріп, желіге жариялап жіберген.
Ақырында, Алатау ауданындағы учаскелік полиция қызметкері ғана бұл азғындықты тоқтата алған.
Related

News
Наемные работники в системе ОСМС: ответы на часто задаваемые вопросы
Жаннұр Еділбаева·

News
Как сэкономить на электричестве
Жаннұр Еділбаева·

News
Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?
Жаннұр Еділбаева·

News
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Үшінші жәбірленуші де сотталушыға кешірім берді
Айғаным Нариманова·