Todayinfo.kz
NewsView all articles

Майғазиевтен үлгі алу: Қайрат Нұртас жеке концертін тікелей эфирде көрсетуді ұсынды

Белгілі әнші Қайрат Нұртас Instagram парақшасында Астанада өтетін жеке концертіне қатысты видео жариялады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Әншінің айтуынша, ол 7 шілде күні елордада өтетін ән кешін тыңдармандарына ыңғайлы болу үшін Телеграм желісі арқылы тікелей эф

By Айғаным Нариманова··1 min read
Майғазиевтен үлгі алу: Қайрат Нұртас жеке концертін тікелей эфирде көрсетуді ұсынды

Белгілі әнші Қайрат Нұртас Instagram парақшасында Астанада өтетін жеке концертіне қатысты видео жариялады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Әншінің айтуынша, ол 7 шілде күні елордада өтетін ән кешін тыңдармандарына ыңғайлы болу үшін Телеграм желісі арқылы тікелей эфирде көрсету туралы ой бөлісті.

«Ассалаумағалейкүм, менің сүйікті тыңдармандарым! 7-шілде күні Астана қаласында өтетін жеке ән кешімді тікелей эфирде телеграмм арқылы көрсетілім жасасам қалай ойлайсыздар? Себебі, шет елдерден де тыңдармандарым өте көп. Бәрі көргісі келеді деп ойлаймын. Иә немесе жоқ деген жауап қалдырыңыздар! Сіздер не айтасыздар, сол болады», – деп жазды Қайрат Нұртас.

Осылайша әнші шетелдегі тыңдармандары үшін де концертін тамашалау мүмкіндігін қарастырып отырғанын жеткізді.

Related

Майғазиевтен үлгі алу: Қайрат Нұртас жеке концертін тікелей эфирде көрсетуді ұсынды · Todayinfo