"Ит шынтақтан төмен жағынан тістеген. Бала ит шапқан кезде қолымен қорғанған. Сол үшін тек қол аймағын тістеп тастаған. Ал қалған жерi сау. Тек дәрі-дәрмек беріліп, антибактериялдық және құтырмаға қарсы вакцина салынды”, – дейді Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының дәрігері Нұрсұлтан Нұрымов.
Маңғыстау облысында алабай оқушыны талап тастады
Фото: Видеодан скрин Маңғыстау облысында қабаған алабай оқушыны талап тастады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Иттен қолымен қорғанған 15 жастағы бала қазір ауруханада жатыр. Оқиға Ақшұқыр ауылында болған. Ит талап тастаған жеткіншекке куәгерлер араша түсіп, полиция

Фото: Видеодан скрин
Маңғыстау облысында қабаған алабай оқушыны талап тастады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Иттен қолымен қорғанған 15 жастағы бала қазір ауруханада жатыр. Оқиға Ақшұқыр ауылында болған. Ит талап тастаған жеткіншекке куәгерлер араша түсіп, полиция мен жедел жәрдем қызметін шақырыпты.
Олардың айтуынша, бала мектепке қарай бара жатқан екен. Сол сәтте тұтқиылдан алабай тап берген. Тәртіп сақшылары иттің иесін тауып, тұрғынға үй жануарын ұстау ережесін бұзғаны үшін 40 мың теңге айыппұл салған. Дәрігерлер оқушының жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.
Related

Оқиғалар
Еркебұлан Тоқтар оқырманының еміне гонорарынан 50 мың доллар аударды
Айдар Керім·

Оқиғалар
«Жаным жай таппай.. »: Гүлзира Айдарбекова белгілі блогердің ота үстелінде көз жұмғанын жеткізді
Айдар Керім·

Оқиғалар
Келімсектің кесірі: мас шетелдік Алматы әуежайын қиратып кетті
Айдар Керім·

Оқиғалар
Үшінші рет қылмыс жасаған: Шымкентте жас әйелді аса қатыгездікпен өлтірген еркек жазадан құтылып кетті
Айдар Керім·