Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы болған жерден шамамен 200 км бұрын екінші жүргізушіге ауысу жүзеге асырылған. Аталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаменті барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.— Автобуста барлығы 50 адам болған. Аталған автожол учаскесі техникалық II санатқа жатады. Жол жамылғысы асфальтбетонды, жолдың ені 9 метрді құрайды, жол жамылғысында ақаулар анықталған жоқ. Жол белгілері бекітілген дислокацияға сәйкес толық көлемде орнатылған. Оқиға тәуліктің қараңғы уақытында орын алған. Жол-көлік оқиғасы кезінде көлік құралын 1985 жылы туған жүргізуші басқарған, — делінген хабарламада.
Маңғыстау облысында автобус апатқа ұшырап, 4 адам мерт болды
Фото: ТЖД 16 қаңтар күні шамамен сағат 01:03-те KZ-11 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автомобиль жолының 383-ші шақырымында Yutong маркалы жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz

Фото: ТЖД
16 қаңтар күні шамамен сағат 01:03-те KZ-11 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автомобиль жолының 383-ші шақырымында Yutong маркалы жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, автобус 2025 жылдың 19 желтоқсанында техникалық байқаудан өткен және «CASPIAN TRANS CORPORATION» LLC компаниясында тіркелген.
Алдын ала мәлімет бойынша, Ақтау қаласынан Бейнеу ауылы бағытында келе жатқан автокөлік жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында төрт жолаушы қаза тауып, үш адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·