Қызметтік көліктің жайлылығы
Бірнеше жүз миллион теңге – бұл қаражатқа әлеуметтік нысандарды жөндеуге немесе инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға болады еді. Алайда Маңғыстау облысы әкімдігінің Әкімшілік басқармасы оны басқа мақсатқа – 311,5 миллион теңгені «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының қызметтік көліктерін қамтамасыз ету» бойынша көлік жалдау қызметіне бөлді. Өтінім қабылдау 24 ақпаннан басталып, 27 ақпанға дейін жалғасады. Келісім-шарт мерзімі – 10 ай: 2026 жылғы 1 наурыздан 31 желтоқсанға дейін. Осы уақыт аралығында аймақ басшылары 2021 жылғы немесе одан кейінгі шығарылған 47 көлікпен қамтамасыз етілуі тиіс. Көліктер техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жағдайларын қоспағанда, ауыстырылмайды. Ақау туындаған жағдайда көлікті бір күн ішінде ауыстыру қажет. Әр көлікке міндетті түрде жүргізуші бекітілуі тиіс, категориялары «B» бастап «B,C,D,E»-ге дейін болуы керек. Сонымен қатар компанияда жеке медицина қызметкері мен техник-механик болуы қажет. Көлік пен жүргізушілер жұмыс кестесіне сәйкес 08:30-дан 22:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері де дайын болуы тиіс. Бұл – мемлекеттік қызметкерлердің жұмысқа және үйге қоғамдық көлікпен жүрмеуі үшін қарастырылған.
Маңғыстау облысы әкімдігінің Әкімшілік басқармасы талаптарын былай тізбелейді:
* Жүргізушілер жоғары орындаушылық тәртіпті сақтауы тиіс;
* Қала мен облыстың көшелерін жақсы білуі қажет;
* Қызмет көрсетудің жұмыс кестесі 5/7, 08:30-22:00 сағат аралығында қамтамасыз етілуі тиіс;
* Көлік тапсырыс берушінің өтініші бойынша демалыс және мереке күндері шығуға дайын болуы керек;
* Көліктің жуыны, салоны аптасына екі рет тазалануы қажет.
Техникалық спецификация жүргізушілердің сыртқы келбетін де реттейді: киімдері практикалық, таза және ыңғайлы болуы, көзге түспейтін стильде болуы тиіс.
Қызметтік көліктердің техникалық сипаттамасы
Маңғыстау облысының басшылары үшін жалданатын көліктер:
* 21 мини-кроссовер;
* 24 седан;
* 2 толық көлемді кроссовер (кеңейтілген сипаттамаларымен).
Соңғы екі көлік – ерекше категория. Мотор көлемі – кемінде 3 470 см³, қуаты – кемінде 249 ат күші, дөңгелектер – 20 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілер, бес есік, кемінде жеті орын.
Көліктердің толық жабдықталуы:
* Екісекциялық панорамалық шатыр;
* Бірінші және екінші қатар орындықтарының жылытуы мен желдеткіші;
* Орындықтарды 8 бағытта реттеу және бел бөлігін 2 бағытта қолдау;
* Сымсыз зарядтау;
* Жолсыз жерге бейімдеу режимдері (қар, лай, құм);
* USB-порттар алдыңғы орындық артында;
* Үшінші қатар орындыққа жеңіл қол жеткізу;
* Орындық есте сақтау функциясы;
* Толық LED оптика;
* Жүк қақпағының автоматты ашылу жүйесі;
* Артқы орындықтағы жолаушылардың бар екендігін ескерту;
* Проекциялық дисплей;
* 12,3 дюймдік сандық құралдар панелі;
* 12,3 дюймдік дисплей;
* Үш зонаға бөлінген климат бақылауы;
* 360 градус көрініс жүйесі, соқтығысуды алдын алу, жолақта ұстау, қосалқы соқтығыстардан қорғау, артқы радар, артқы орындықтағы жолаушылар бақылауы.
Қаржы және логика
47 көлік 10 айға – әр көлікке 6,6 миллион теңге шамасында шығын. Айына бір көлік пен жүргізушіге – 662 мың теңге. Бұл – коммерциялық аренда нарығында базалық емес, тұрақты жайлылық сегменті. Жалпы алғанда, бұл қаражат тек көліктерге ғана емес, аймақ басшылығы үшін толық автопарк аутсорсингіне, тәулік бойы дайын қызмет көрсетуге жұмсалады.Қорытынды
Қызметтік көліктер – қажеттілік екені анық. Бірақ бюджеттік талқылауларға қарамастан, 10-нан астам автокөлікке кеңейтілген сервиспен келісім-шарт жасау – қарапайым қызметтік шығын емес, саяси сигнал. 364 миллион теңге – бұл тек көліктер емес, бұл басқарушы құрамға арналған комфорт стандарттары мен биліктің приоритеттері туралы мәлімдеме.



