Есепшоттары бұғатталады: Мәскеуге баратын қазақстандықтар жаңа талапты орындауға міндетті
Қыркүйектен бастап Мәскеуге және Мәскеу облысына баратын қазақстандықтар «Амина» қосымшасын орнатуға міндетті. Қосымша шетелдіктердің орналасқан жерін есепке алудың эксперименттік жобасы саналады, деп хабарлайды Todayinfo. Бұл талаптан кәмелетке толмағандар, дипломаттар және халы

Қыркүйектен бастап Мәскеуге және Мәскеу облысына баратын қазақстандықтар «Амина» қосымшасын орнатуға міндетті. Қосымша шетелдіктердің орналасқан жерін есепке алудың эксперименттік жобасы саналады, деп хабарлайды Todayinfo.
Бұл талаптан кәмелетке толмағандар, дипломаттар және халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, сонымен бірге олардың отбасы мүшелері босатылады.
Мобильді қосымша геолокация арқылы ақпаратты Ресейдің Ішкі істер министрлігіне жібереді. ІІМ мәліметтердің бірнеше күн бойы берілмегенін тіркесе, онда азаматқа хабарлама келеді. Талапты орындамағандар шетелдіктердің Арнайы бақылау реестріне кіргізіледі. Бұл тізімдегілер көлік қолдана алмайды, банк карталарын аша алмайды, есепшоттары бұғатталады. Ресейге келетін шетелдіктерді бақылаудың тың әдісін әрбір турист орындауға міндетті.
Фото: pnp.ru
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·