Сондай-ақ, отырыс барысында еліміздің су шаруашылығын дамытуға және халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін «Алматыоблсушар» мекемесінің «Іле» өндірістік учаскесінің инженер-гидротехнигі Валентина Леонидовна Мулявко Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 4 шілдедегі №933 Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.Марат Сұлтанғазиев кішкентай баланы иттен арашалап қалған азаматқа құрмет көрсетті
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында азаматтық батылдық пен адал еңбек лайықты бағасын алды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан облыс әкімі Серікбек Алдабергенұлы С

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында азаматтық батылдық пен адал еңбек лайықты бағасын алды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан облыс әкімі Серікбек Алдабергенұлы Сақайбековке Алғыс хат табыстады. Ауыл тұрғыны маусым айының соңында Алмалыбақ ауылында ит шабуылына ұшыраған 10 жасар баланы ажалдан арашалап қалды. Оқиға 30 маусым күні футбол алаңында орын алған. Баланың көмекке шақырған даусын естіп, Серікбек Сақайбеков ойланбастан көмекке ұмтылып, өз өміріне қауіп төнсе де баланы құтқарып қалған.
Облыс әкімі ерлік иесіне алғысын білдіріп, мұндай оқиғалар қоғамдағы бейжай қарамаудың азаймағанын, шынайы жанашырлықтың бар екенін көрсететінін атап өтті.
Сондай-ақ, отырыс барысында еліміздің су шаруашылығын дамытуға және халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін «Алматыоблсушар» мекемесінің «Іле» өндірістік учаскесінің инженер-гидротехнигі Валентина Леонидовна Мулявко Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 4 шілдедегі №933 Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Сондай-ақ, отырыс барысында еліміздің су шаруашылығын дамытуға және халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін «Алматыоблсушар» мекемесінің «Іле» өндірістік учаскесінің инженер-гидротехнигі Валентина Леонидовна Мулявко Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 4 шілдедегі №933 Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.Related

Almaty Region
Алматы облысында құны 22 млрд теңгеден асатын жаңа экопарктер салынады
Жаннұр Еділбаева·

Almaty Region
Алматы облысының жедел жәрдем автопаркі 90 жаңа көлікпен толықты
Жаннұр Еділбаева·

Almaty Region
Слушания по проекту алматинского горного кластера состоялись при активной поддержке общественности
Жаннұр Еділбаева·

Almaty Region
«Кортежге де коттеджге де жол жоқ»: Алматы облысында мектеп бітіруші түлектерге қатаң ескерту жасалды
Жаннұр Еділбаева·