Өскемен қаласында прокурор мас күйінде көлік айдап, бағанға соғылған соң жұмысынан қуылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы хабарлады, деп жазады Todayinfo.
Оқиға 3 қазан күні түнде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қалалық прокурор Вилори Пан Борисович мас күйінде көлік жүргізіп келе жатып, жол бойындағы бағанға соғылған. Апаттан кейін ол жасырынбақ болған, бірақ көп ұзамай ұсталды.
Прокуратура жүргізген қызметтік тексеріс нәтижесінде, аталған қызметкердің әрекеті құқық қорғау жүйесінің абыройына нұқсан келтіргені анықталды. Соның салдарынан Вилори Пан қызметінен босатылып, сондай-ақ «1-сыныпты заңгер» шенінен айырылды.
Әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сот прокурорды кінәлі деп танып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамау және 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыружазасын тағайындады.
Фото: Freepik



