Todayinfo.kz
NewsView all articles

Мейірхан Шерниязов жазасын толық өтеп, бостандыққа шықты

Қаржы пирамидасын құрғаны үшін сотталған актер Мейірхан Шерниязов жазасын толық өтеу арқылы бостандыққа шықты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында қысқа видеомен бөлісті,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. – «Аллаға шүкір» , – деді Шерниязов бостандыққа шыққ

By Айғаным Нариманова··1 min read
Мейірхан Шерниязов жазасын толық өтеп, бостандыққа шықты

Қаржы пирамидасын құрғаны үшін сотталған актер Мейірхан Шерниязов жазасын толық өтеу арқылы бостандыққа шықты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында қысқа видеомен бөлісті,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

«Аллаға шүкір», – деді Шерниязов бостандыққа шыққан сәтіндегі бейнежазбасында.

Оны отбасы мүшелері мен жақын достары күтіп алғаны бейнежазбадан көрінеді.

Іс тарихы:
Еске сала кетейік, 2022 жылғы 19 сәуірде Мейірхан Шерниязов пен актер Мейіржан Төребаев қаржы пирамидасы ретінде танылған Mudaraban Capital ісі бойынша қамауға алынған.

2023 жылғы 23 маусымда екеуі де кінәлі деп танылып, әрқайсысы 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.

2025 жылы шілде айында Шерниязовтың жаза мерзімі толық аяқталып, ол ресми түрде бостандыққа шықты.

Related

Мейірхан Шерниязов жазасын толық өтеп, бостандыққа шықты · Todayinfo