Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

«Мені «Нойсқа» КНБ жіберді»: боксшы Шыналиев Түркияға арнайы тыңшылық тапсырыспен барғанын ашып қойды (видео)

Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиев ҰҚК құпия нұсқауын ашып қойды. Ол  қылмыс әлемінде "Нойс" және "Чика" лақап аттарымен танылып, Түркияда бас сауғалап жүрген  қазақтардан қорлық көргенін жазып, көмек сұраған еді. Алайда спортшы өзінің Стамбулға арна

By Айғаным Нариманова··2 min read
«Мені «Нойсқа» КНБ жіберді»: боксшы Шыналиев Түркияға арнайы тыңшылық тапсырыспен барғанын ашып қойды (видео)
Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиев ҰҚК құпия нұсқауын ашып қойды. Ол  қылмыс әлемінде "Нойс" және "Чика" лақап аттарымен танылып, Түркияда бас сауғалап жүрген  қазақтардан қорлық көргенін жазып, көмек сұраған еді. Алайда спортшы өзінің Стамбулға арнайы құпия тапсырмамен барғанын айтып, екі оттың ортасында қалды, деп жазады Todayinfo агенттігі.  Құпияны сақтай алмаған спортшыны өтірігі әшкере болды. Ол бұған дейін Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі орманға апарып, басына тапанша тақағанын мәлімдеген еді. Алайда елді дүрліктірген жазбасынан соң спортшының тағы бір үндеуі шықты. 
«Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері маған: “Қазаққа аз да болса үлес қосып жүрген, еліне жаны ашитын азаматтар – Иманалиев Нұржан мен Мұқашев Шыңғыстың қасына бар және солармен жақын қарым-қатынаста бол” деді. Сонымен қатар, Стамбұлдағы барлық ақпаратты егжей-тегжейлі біліп, бізге жеткізіп отыр деді. Оларды Қазақстанда кім қаржыландыратынын да анықтап келу тапсырылды. Ал мені Шымкенттегі ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Сәбит есімді азамат және МСОК басшысы Егеубаев Ерлан жіберді. Мен 2025 жылдың мамыр айында Стамбұлға бардым. Жол жүру билеттерім мен барлық шығындарымды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері толықтай көтерді. Жалпы ҰҚК-ның Иманалиев Нұржанға қатысты білгісі келгені – оның экстремизмге немесе терроризмге қатысы бар-жоғы еді. Сондай-ақ олардың Стамбұлда кімдермен араласатыны, кавказдықтармен, шешендермен байланысы бар ма, яғни араласатын ортасы қандай екені жөнінде ақпарат жинау тапсырылды», — деді Шыналиев. 
Оның бұл сөзінен спортшының қашқын жігіттерге арнайы тапсырмамен барғанын ұғуға болады. Спортшының құпияны сақтай алмауы енді өзіне кері соққы болмақ.                                                         "Крыса" кім?  Бандиттік әрекеттерімен аты шыққан қашқындар жайлы комитеттің нұсқауын ашып қойған спортшы бұған дейін органдардан көмек сұраған еді. Оның бұл әректеіне қатысты қоғам белсендісі Торуыл Шоқан есімді атпен танымал, экс-әкім пікір білдірді.  
«Нойс пен Чиканы жаттықтыруға барған Шыналиев КНБ ның назарына ілігеді. Елге қайтып келгесін Шыналиевпен КНБ қызметкелері жұмыс жасап, "олар тағы шақыртса, біліп келерсің" деп тапсырма берген сияқты. Дәл осы ақпаратты КНБ ішіндегі біреу Нойстарға шығарып бере ме, бір пәле. Сосын, Нойстар Шыналиевті алдап шақыртып, болған жәйді сұрап, кейін "Шыналиевтің вербовкасы" туралы видео жариялайды. Шыналиев елге келгесін КНБ ға Түркияда түсірілген видеоның "түсініктемесін" береді, алған жарақтаттарын көрсетеді. Енді мұның показаниесі бойынша Нойстарға адам ұрлау, қинау, жалған ақпарат тарату баптарымен іздеу жарияланды, елге эсктрадицияланады. Шыналиев сотта басты куәгер болады», — деп болжады оқиғаны Торуыл (Нұржан)Шоқан.
    Құпиядан қаржы табу қашанда бар Белсендінің сөзінше, "оперативный обстановкаға" қатысты ақпараттарды шығарып отыратын "крыса"- осведомитель барлық органдарда бар.
«Мұндай "крысалар" кесірінен КНБ, Прокуратура, ДВД, Финпол, АФМ, Акимат, т б органдардың "ел іші тыныштығына" қатысты жұмыстары страдать етіп отыр. Ақшалы адамның өзіне қажет ақпаратты сатып алуы бұрыннан барғой. Көше ағайындары құзырлы орган қызметінен бір қадам алда жүруі үшін, оперативті ақпараттарға әркез мұқтаж. Мұны алуға млндарды жұмсайды. Ал құзырлы орган қызметіндегі опасыздар үшін "мемлекет мүдде" — қаражат көзі болып табылады. Меніңше, өтірік айтамын деп екі оттың ортасында қалған Шыналиевтің болашағы бұлыңғыр. КНБ тапсырма берсе, жұмысы. "Ерекше" адамдарды бақылау, олардың жоспарын білу міндеті. Шыналиевке берілген тапсырма—орайы келіп тұрған оқиғадан ұту-ғана. А так, Шыналиев сияқты слобактарды КНБ әдейі вербовать етпейді. Сосын, "мен сендерді жаттықтыруға барайыншы.." деп сұранып тұрған адамды Нойстар өздеріне жақындатпас еді. Ал, Шыналиев әуелде бұлтаңдамай, ұсынысты қабылдамай бірден отказға кетуі тиіс болған. Енді бәрі кеш..», - деп жазды қоғам белсендісі.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Todayinfo.kz (@todayinfo.kz)

Related

«Мені «Нойсқа» КНБ жіберді»: боксшы Шыналиев Түркияға арнайы тыңшылық тапсырыспен барғанын ашып қойды (видео) · Todayinfo