Todayinfo.kz
Шоу бизнесView all articles

«Мені сыйламай-ақ қойсын»: Мөлдір Мұқанова өзін сынаған Бақыт Тұрманға жауап берді

Танымал продюсер, әнші Мөлдір өзінің жаңадан шыққан "Шай в большом городе" фильмін сынаған Бақыт Тұрманға жауап берді, деп хабарлайды  Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. "Ол кісілер үйі тұрмақ, шаңырағы тұрмақ, өзбек кафесіне апарып палау бермеген бізге. Мені сыйламай-ақ қойсын

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Мені сыйламай-ақ қойсын»: Мөлдір Мұқанова өзін сынаған Бақыт Тұрманға жауап берді
Танымал продюсер, әнші Мөлдір өзінің жаңадан шыққан "Шай в большом городе" фильмін сынаған Бақыт Тұрманға жауап берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
"Ол кісілер үйі тұрмақ, шаңырағы тұрмақ, өзбек кафесіне апарып палау бермеген бізге. Мені сыйламай-ақ қойсын. Тұрсынбек Қабатовты сыйлау керек. Себебі Тұрсынбек Қабатов оның күйеуіне жұмыс берді. Ол күйеуі сол тапқан табысын үйіне апарды. Ал сол сөйлеп отырған әйел соның нанын жеді. Ол тамағын бала-шағасы жеді. Сонда қайтарымы осы сөз болғаны ма? Арамынан кетті ғой. Қайрат Әділгерейді "Әзіл Әлемі" театры көтерді дегенге 100 пайыз аяқ-қолымды көтеріп тұрып "иә" дей аламын. Жасап отырған опасыздығы - деңгейінің төмендігі. Өзі білсін ары қарай", - деді ол.
Айта кетейік, әнші Бақыт Тұрман күйеуі Қайрат Әділгерейдің бағы "Әзіл әлемінде" жанбағанын айтқан еді.

Related

«Мені сыйламай-ақ қойсын»: Мөлдір Мұқанова өзін сынаған Бақыт Тұрманға жауап берді · Todayinfo