Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Менің көршім, 30 жыл доспыз»: Байтасов Баталовпен арадағы дау туралы қауесетті жоққа шығарды

Кәсіпкер Арманжан Байтасов әлеуметтік желілерде тараған оның Раимбек Баталовпен келіспеушілікке келгені туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo. «Соңғы тәулікте медиада менің Раимбек Баталовпен арада дау туғаны және оған қатысты жазба жариялағаным тура

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Менің көршім, 30 жыл доспыз»: Байтасов Баталовпен арадағы дау туралы қауесетті жоққа шығарды
Кәсіпкер Арманжан Байтасов әлеуметтік желілерде тараған оның Раимбек Баталовпен келіспеушілікке келгені туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.
«Соңғы тәулікте медиада менің Раимбек Баталовпен арада дау туғаны және оған қатысты жазба жариялағаным туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл – фейк», – деп жазды Байтасов.
Ол Баталовпен 30 жылдан бері достық қарым-қатынаста екенін және ешқашан араларында жанжал болмағанын айтты.
«Бізде ортақ бизнес жоқ. Оның үстіне, мен оның телефон нөмірін білемін, кез келген уақытта қоңырау шалып, тікелей сөйлесе аламын. Егер оған айтарым болса, әлеуметтік желі арқылы емес, бетпе-бет жеткізер едім», – деді кәсіпкер.
Сонымен қатар, Арманжан Байтасов жұртшылықты желідегі жалған ақпаратқа сенбеуге және ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырды. Осыған дейін ол Райымбек баталов Салтанат Нүкеновамен қарым-қатынаста болғанын растайтын жазба жариялап, кейін өшіріп тастаған еді.  

Related

«Менің көршім, 30 жыл доспыз»: Байтасов Баталовпен арадағы дау туралы қауесетті жоққа шығарды · Todayinfo