Todayinfo.kz
NewsView all articles

Менің орнымдағылар спортты баяғыда тастап кетер еді - Шавкат Рахмонов

Әлем чемпионы Шавкат Рахмонов өзін сынға алғандарға жауап беріп, жаттығу тәртібі мен мақсаты туралы айтты. Ол Қазақстанға чемпиондық белбеуді әкелуге ниетті,деп хабарлайды Todayinfo. Аралас жекпе-жек (MMA) бойынша әлем чемпионы, Қазақстанның мақтанышы Шавкат Рахмонов Ulysmedia по

By Айғаным Нариманова··1 min read
Менің орнымдағылар спортты баяғыда тастап кетер еді - Шавкат Рахмонов
Әлем чемпионы Шавкат Рахмонов өзін сынға алғандарға жауап беріп, жаттығу тәртібі мен мақсаты туралы айтты. Ол Қазақстанға чемпиондық белбеуді әкелуге ниетті,деп хабарлайды Todayinfo. Аралас жекпе-жек (MMA) бойынша әлем чемпионы, Қазақстанның мақтанышы Шавкат Рахмонов Ulysmedia порталына эксклюзивті сұхбат беріп, соңғы кездері айтылып жүрген сындарға жауап қайырды. «Мен аш емеспін» дегендерге: мен робот емеспін, 24 сағат бойы жаттығу жасай алмаймын. Денсаулығым бар, өзіме де күтім керек. Бірақ күнделікті режиммен екі рет жаттығу жасап жүрмін — әрқайсысы 1–1,5 сағаттан», — деді спортшы. Рахмонов өзін «аш емес», «мотивациясы азайған» деп сынайтындарға былай деп жауап берді:
«Менің орнымда біреу болса, жарақаттардан кейін баяғыда-ақ спорттан кетіп қалар еді. Өзімнің мақсатым бар. Егер аштық болмаса, мүлде спортты қойып кетер едім. Менің жолыммен жүріп көрсін – сол кезде бағасын біледі», — деді ол.
Ол сындарды надандықтан туған пікірлер деп санайтынын да ашық айтты. Шавкаттың басты арманы – чемпиондық белбеуді Қазақстанға әкелу:
«Мен де шығып, Қазақстанға белбеуді әкелгім келеді. Алла қаласа, денсаулығымыз жараса, әкелеміз. Біз пендеміз, уәде бере алмаймыз, бірақ қолымнан келгенін жасаймын. Нәтиже Алладан», – деді спортшы.
Сұхбат барысында Шавкат Рахмонов спортқа кедейліктен немесе еріккеннен келген жоқ екенін айтып өтті:
«Мен байдың баласы болсам, өзімді қинап спортта жүрмейтін едім. Жұмысымды істеп, бизнесіммен айналысар едім. Спорт – денсаулықты, уақытты, қажырды талап ететін сала. Бала күнімнен жарысқанды жақсы көремін, жеңілгенді жек көремін», – деді ол.
Спортшы жастарға білімге басымдық беру керектігін де еске салды:
«Жастарға айтарым — білім алып, оқып, адам болған дұрыс. Спортқа еріккеннен келген жоқпын, бұл – өмірлік таңдау», — деп түйіндеді ол.

 Дереккөз: Ulysmedia

Related

Менің орнымдағылар спортты баяғыда тастап кетер еді - Шавкат Рахмонов · Todayinfo