«Балам 9-10 сыныпта оқып жүргенде мешітке барғыш болып кетті. Бір күні “намаз оқы” деп маған, “орамал тақ” деп шешесіне талап қоя бастады. Осыдан кейін мен бір шешім қабылдап, мешітке кетіп бара жатқанында тоқтатып: ‘Мешіттегі ұстазыңа айт, әкең енді мешітке жібермейді’ дедім. ‘Сен маған бұйыра алмайсың, керісінше мен саған бұйырамын’ деп айттым. Осыдан соң балам ойланып, тынышталды», – деп бөлісті актер.
Актердің айтуынша, әрбір ата-ана баласының діни сенімін қалыптастыруда тепе-теңдік сақтауы қажет. Дінге қызығушылық танытқан жастарға бағыт көрсеткен дұрыс, алайда бұл үдеріс үлкендердің өмірлік тәжірибесімен үндесіп отыруы тиіс.




