Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Министр ашады, ректор жабады»: Қыздар педагогикалық университетінің ректоры кітап оқуға арналған орталықты жауып тастамақ

Баспагер Шыңғыс Мұқан Қыздар педагогикалық университетінде (ҚызПУ) ашылған UniSpace алаңы мен Coffee Book жобасының жабылу қаупі туралы мәлімдеді. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, жағдайға қоғам назарын аударды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

By Айғаным Нариманова··1 min read

Шыңғыс Мұқанның айтуынша, аталған жоба бір жыл бұрын жазушы әрі қоғам белсендісі Гүлмира Қанайдың «қыздарға кітап оқытайық» деген бастамасы аясында іске асқан. Сол кезде ҚызПУ-дың жаңа корпусында UniSpace алаңы ашылып, оның таныстырылымына ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бастаған ел зиялылары қатысқан.

Жоба аясында баспагер өз қаражатына — шамамен 10 млн теңге инвестиция салып, студенттерге арналған Coffee Book кеңістігін ашқан. Бұл орын кітап оқуға, пікір алмасуға және мәдени орта қалыптастыруға бағытталған алаң ретінде жұмыс істеп келген.

Алайда университетке жаңа ректор — Бейбіткүл Кәрімова келгеннен кейін жағдай өзгерген. Шыңғыс Мұқанның сөзінше, университет әкімшілігі келісімшартты ұзартудан бас тартып, алаңды босатуды талап етіп отыр.

«Министр ашты — ректор жапты?!» — деп жазды баспагер, бұл шешімнің қисынсыз екенін меңзеп.

Ол сондай-ақ мемлекетпен серіктестік орнатудың күрделілігін атап өтті.

«Мемлекет — нашар менеджер екенін білеміз, нашар серіктес екенін де біліп жүріңіздер», — деп жазды ол.

Қазіргі таңда ҚызПУ әкімшілігі бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Ал қоғам белсенділері мен оқырмандар әлеуметтік желіде бұл жағдайды мәдени және білім беру бастамаларына жасалған кедергі ретінде бағалап, қызу талқылап жатыр.

Related

«Министр ашады, ректор жабады»: Қыздар педагогикалық университетінің ректоры кітап оқуға арналған орталықты жауып тастамақ · Todayinfo