Todayinfo.kz
NewsView all articles

Мұхамеджан Тазабек той үстінде Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе, 1 көлік сыйлады

Бекболат Тілеухан Мұхамеджан Тазабектің қызының ұзату тойында жыр жырлап, 15 жылқы, 1 түйе және 1 темір тұлпар иеленген, деп хабарлайды Todayinfo . Тойдың видеосын продюсер Айсауле Әбілда әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. «Атақты жырау, белгілі дәстүрлі әнші Бекбо

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Мұхамеджан Тазабек той үстінде Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе, 1 көлік сыйлады
Бекболат Тілеухан Мұхамеджан Тазабектің қызының ұзату тойында жыр жырлап, 15 жылқы, 1 түйе және 1 темір тұлпар иеленген, деп хабарлайды Todayinfo. Тойдың видеосын продюсер Айсауле Әбілда әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
«Атақты жырау, белгілі дәстүрлі әнші Бекболат Тілеухан ағамыздың әнін тыңдап тамсанбаған адам аз шығар қазақта, себебі ол кісі қолына домбыра алып, ән сала бастағанда бәріміздің ұлттық кодымызға су бүріккендей қомпаңдап қаламыз. Кеше той үстінде ел қолқа салып, жанды дауыспен әр өңірдің әнін құйқылжыта жөнелгенде ағалар мәрттігін көрсетіп, сый-сыяпатын аямады. Тәуелсіздікті енді алып, ел есеңгіреп жатқанда қазақты Қазтуғанның, Доспамбеттің, Ақтамбердінің жырымен табыстырған арда аға, аман болыңыз, бар болыңыз!», — деді продюсер Айсауле Әбілда.

Related

Мұхамеджан Тазабек той үстінде Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе, 1 көлік сыйлады · Todayinfo