Todayinfo.kz
NewsView all articles

Мұхтар Тайжан депутаттарға: «Өздеріңе ие болмай, халыққа қалай ақыл айтасыңдар?»

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Қазақстан Парламентіндегі кейбір депутаттардың сырт келбеті мен салауатты өмір салтына мән бермеуін сынға алып, оларға спортпен шұғылдануға кеңес берді. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды,деп хабарлайды Todayinfo.  «Кей әбден семі

By Айғаным Нариманова··1 min read
Мұхтар Тайжан депутаттарға: «Өздеріңе ие болмай, халыққа қалай ақыл айтасыңдар?»
Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Қазақстан Парламентіндегі кейбір депутаттардың сырт келбеті мен салауатты өмір салтына мән бермеуін сынға алып, оларға спортпен шұғылдануға кеңес берді. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды,деп хабарлайды Todayinfo. 
«Кей әбден семіріп кеткен депутаттарға қарасам таң қаламын. Меннен кіші болса да май-май бегемот болып жұртқа ақыл айтып отырады», – деп жазды Тайжан.
Ол өз денесіне ие бола алмай жүрген адам басқаларға тәртіп туралы айтуға моральдық құқығы жоқ деген пікір білдірді.
«Адам өз денесіне ие бола алмай, қалай біреуге ақыл айтады? Өз жеке денелеріңде тәртіп орната алмасаңдар, бүкіл елде тәртіп орнатамын деп қалай сайрайсыңдар?» – деді ол.
Мұхтар Тайжанның бұл пікірі қоғамда қызу талқылануда. Ол шенеуніктердің сырт келбетіне қарап қана емес, жалпы өмір салты мен жауапкершілік деңгейіне де назар аудару керектігін меңзейді.
«Депутаттар, бегом спортзалға!» – деп түйіндеді жазбасын қоғам қайраткері.

Related

Мұхтар Тайжан депутаттарға: «Өздеріңе ие болмай, халыққа қалай ақыл айтасыңдар?» · Todayinfo