«Парламент Ормуз бұғазын жабу қажет деген қорытындыға келді, алайда бұл мәселеге қатысты соңғы шешімді Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі қабылдайды», – деді жексенбі күні Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы, парламенттің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі Исмаил Коусари. Бұл туралы Al Arabiya және Jerusalem Post хабарлады.Ормуз бұғазы – Парсы шығанағы мен Оман шығанағын және Араб теңізін жалғайтын тар су жолы. Ең тар жерінің ені шамамен 21 миль, ал әр бағытта ені 2 миль болатын екі негізгі теңіз жолы бар. Дүниежүзілік мұнай саудасының шамамен 20 пайызы дәл осы бұғаз арқылы өтеді. Сарапшылардың пікірінше, егер Иран бұл бұғазды жабатын болса, мұнай бағасы бірден 30–50 пайызға көтерілуі мүмкін. Сонымен қатар, бензин бағасы да бір галлон үшін 5 долларға дейін өсуі ықтимал. Айта кетейік, 1980-жылдары Иран-Ирак соғысы кезінде Иран осы бұғаз арқылы өтетін мұнай танкерлері мен инфрақұрылымдарға шабуыл жасаған болатын. Сол кезде бұғаз толық жабылмағанымен, теңіз тасымалы қымбаттап, сақтандыру төлемдері күрт өскен. Фото: Pixabay
Мұнай бірден 50 пайызға қымбаттайды: Иран Ормуз бұғазын жауып тастамақ
АҚШ-тың шабуылынан кейін Иран парламенті Ормуз бұғазын жабу туралы бастама көтерді. Бұл бұғаз – әлемдегі мұнай тасымалының ең маңызды бағыттарының бірі саналады, деп хабарлайды Todayinfo . «Парламент Ормуз бұғазын жабу қажет деген қорытындыға келді, алайда бұл мәселеге қатысты со

АҚШ-тың шабуылынан кейін Иран парламенті Ормуз бұғазын жабу туралы бастама көтерді. Бұл бұғаз – әлемдегі мұнай тасымалының ең маңызды бағыттарының бірі саналады, деп хабарлайды Todayinfo.
Related

News
Наемные работники в системе ОСМС: ответы на часто задаваемые вопросы
Жаннұр Еділбаева·

News
Как сэкономить на электричестве
Жаннұр Еділбаева·

News
Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?
Жаннұр Еділбаева·

News
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Үшінші жәбірленуші де сотталушыға кешірім берді
Айғаным Нариманова·