Todayinfo.kz
NewsView all articles

«На хрена мне ұлттық...»: Бишімбаев министр болып тұрғанда қазақ тілін менсінбеген

Қуандық Бишімбаев ана тілін менсінбеген. Оны тілдің киесі ұрған, деп жазады Todayinfo порталы. Түрмедегі экс-министрдің лауазымды қызметте жүрген кездегі кеудемсоқ әрекетін журналист, белсенді Дина Елгезек жазды. «Әлі есімде. “Хабарда” 12 жыл қызмет атқарып, ұлттық арнаға ауысқан

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
«На хрена мне ұлттық...»: Бишімбаев министр болып тұрғанда қазақ тілін менсінбеген
Қуандық Бишімбаев ана тілін менсінбеген. Оны тілдің киесі ұрған, деп жазады Todayinfo порталы. Түрмедегі экс-министрдің лауазымды қызметте жүрген кездегі кеудемсоқ әрекетін журналист, белсенді Дина Елгезек жазды.
«Әлі есімде. “Хабарда” 12 жыл қызмет атқарып, ұлттық арнаға ауысқан уақытым. Бір министрсымақтан сұхбат алуға бардым. Әлгі министрім көңілді: “Дин, сұрақтарыңды қоя бер. Әдеттегідей сначала қазақша ғой?! Давай, қоя бер”, — деді. Мен қазақша сауалдарымды қойып, жауап алдым да, жинала бастап едім. “Дин, а на русском?”, — деді. Ұлттық арнадағы сараптамалық бағдарламаға аналитик болып ауысқанымды, “Хабардан” кеткенімді, орысша редакция ол жерде жоқ екенін айтуым сол екен, алдында ғана көңілді отырған әлгім қап-қара болып түтігіп, көмекшісіне ала көзбен бір қарады да: “Мен саған тек қана “Хабар” дедім ғой, на хрена мне этот ұлттық арна”, — деп айғайлай жөнелді», — деп еске алады журналист экс-министрдің әрекетін.
Алайда ана тілін менсінбеген Бишімбаев көп ұзамай жемқорлықпен ұсталып, сотталған еді.
«Сол күні редакцияға жылап қайттым. Егіліп, езіліп жыладым… “Тілдің киесі бар, тіл — тірі организм ғой. Тілге қарсы шығып, артынан оңбай қалған бір-екі сорлыны білуші едім. Сен де оңбайсың-ау”, — дедім іштей мүжіліп. Сол қарағым араға бірнеше жыл өткен соң жемқорлықпен ұсталып, түрмеден шығып кетті. Кейін аса ауыр қылмыспен тағы ұсталып, күллі халық алдында өз әйелін өлтірген қарабет атанды…», — деп астарлай жазды Дина Елгезек.
Журналистің айтып отырғаны — қазір түрмеде жазасын өтеп жатқан Қуандық Бишімбаев. Ол министр болып тұрған кезінде жемқорлықпен ұсталып, сотталып шықса, кейін үшінші әйелін ұрып өлтіріп, 24 жылға жазаға кесілді.

Related

«На хрена мне ұлттық...»: Бишімбаев министр болып тұрғанда қазақ тілін менсінбеген · Todayinfo