Назарбаев мектебіндегі оқиғаға байланысты Оқу-ағарту министрлігі ресми мәлімдеме жасады
Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушы мен мұғалім арасындағы келеңсіз оқиға қоғамда резонанс тудырды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Осыған байланысты ҚР Оқу-ағарту министрінің тапсырмасымен Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы шұғыл түрде А

Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушы мен мұғалім арасындағы келеңсіз оқиға қоғамда резонанс тудырды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Осыған байланысты ҚР Оқу-ағарту министрінің тапсырмасымен Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы шұғыл түрде Алматы қаласына іссапармен барып, жағдайды тікелей зерделеді.
«Ол «НЗМ» ДББҰ басқарма төрағасымен, министрліктің аумақтық департаменті, бала құқықтары жөніндегі уәкіл және қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе отырып, мектеп ұжымымен, оқушының ата-анасымен және өзімен кездесті», – делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Кездесу барысында жағдайдың барлық қырлары жан-жақты талданған. Оқушының әрі қарай білім алуына қатысты шешім заңнама талаптарына сай қабылданып, оның құқықтары мен мүдделері ескерілді.
«Ашық әрі сындарлы диалог барысында орын алған жағдай жан-жақты зерделеніп, баланың әрі қарай білім алу жолдары қарастырылды», – деді ведомство.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·