Todayinfo.kz
NewsView all articles

Назым Қызайбай Әлем кубогының чемпионы атанды

Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында Назым Қызайбай топ жарды, деп хабарлайды Todayinfo . Ол әйелдер арасында 48 келі салмақта сынға түсіп, үндістандық Минакши Минакшиден басым түсті.Осылайша Қазақстанға алғашқы алтынды сыйлады.  Финалды көруге мемлекет

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Назым Қызайбай Әлем кубогының чемпионы атанды

Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында Назым Қызайбай топ жарды, деп хабарлайды Todayinfo.

Ол әйелдер арасында 48 келі салмақта сынға түсіп, үндістандық Минакши Минакшиден басым түсті.Осылайша Қазақстанға алғашқы алтынды сыйлады. 

Финалды көруге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келді.

Айта кетейік, Назым Қызайбай -Үш дүркін әлем чемпионы (2014, 2016, 2025), Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.

Әлем кубогының финалына 12 қазақстандық спортшы шықты. 

Related

Назым Қызайбай Әлем кубогының чемпионы атанды · Todayinfo