Todayinfo.kz
Шоу бизнесView all articles

Назым Қызайбай жүрегі неге жақын екенін көрсетті

Кәсіби рингте өзін дәлелдеген, ал енді жанкүйер жүрегін жаулаған Назым Қызайбай тағы да ел назарында. Бұл жолы – спорттағы жетістігімен емес, шынайы мейірім мен табиғатқа деген сүйіспеншілігімен ел назарына ілікті, деп хабарлайды Todayinfo. Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
Назым Қызайбай жүрегі неге жақын екенін көрсетті
Кәсіби рингте өзін дәлелдеген, ал енді жанкүйер жүрегін жаулаған Назым Қызайбай тағы да ел назарында. Бұл жолы – спорттағы жетістігімен емес, шынайы мейірім мен табиғатқа деген сүйіспеншілігімен ел назарына ілікті, деп хабарлайды Todayinfo.
Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Instagram-да жылқымен түскен суретін бөлісті. Фотоның астына тек жүрекшелер бейнеленген эмодзи ғана қалдырылған. Бірақ сол қарапайым белгінің артында көп мағына жатыр. Жылқы – қазақ үшін киелі жануар. Назымның бұл фотосы оның тек спортта емес, рухани жақтан да терең тұлға екенін көрсетеді. Боксшының жазбасы әлеуметтік желі қолданушыларынан қызу қолдау тапты. Қысқа уақыт ішінде суретке жүздеген жүрекше мен жылы пікірлер түсті. Көпшілік Назымның нәзік те, қайсар болмысын ерекше бағалағанын байқатты. Еске сала кетсек, 2025 жылы Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Назым Қызайбай алтын медаль жеңіп алды. Бұл – оның әлемдік аренадағы үшінші жеңісі. Осылайша, ол Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін әлем чемпионы атанды.

Related

Назым Қызайбай жүрегі неге жақын екенін көрсетті · Todayinfo