Неліктен күн ыстықта субұрқақтарда шомылу қауіпті
Жаз мезгілі - энтеровирустық инфекциялардың белсенділігі артатын маусымы. Энтеровирустық менингит - бұл субұрқақтарда сапасыз суды тұтынумен тікелей байланысты жедел жұқпалы ауру. Дене қызуының жоғарылауы, құсу, бас ауруы, менингиальды белгілер – бұл аталған ауруға тән белгілер.

Жаз мезгілі - энтеровирустық инфекциялардың белсенділігі артатын маусымы. Энтеровирустық менингит - бұл субұрқақтарда сапасыз суды тұтынумен тікелей байланысты жедел жұқпалы ауру. Дене қызуының жоғарылауы, құсу, бас ауруы, менингиальды белгілер – бұл аталған ауруға тән белгілер. Қоздырғышы - энтеровирус.
Энтеровирустық инфекция - бұл Коксаки және ECHO сияқты энтеровирустық серотиптермен пайда болатын аурулардың үлкен тобы. Ауру әртүрлі клиникалық көріністермен сипатталады. Патологиялық процеске орталық жүйке жүйесі, тері жабындылары, жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаттары, ішектер, ішкі ағзалар қатысуы мүмкін.
Ауру дене қызуының 38-40 градусқа дейін көтерілуінен, әлсіздіктен, бас ауруынан, жүрек айнуынан, құсудан, жарықтан қорқудан басталады. Бұл белгілер жүрек, іш, бұлшықет, тамақ ауруы, бадамша бездердегі және ауыз қуысындағы бөртпелермен бірге жүруі мүмкін. Кейбір жағдайларда мұрыннан су ағу және жөтел сияқты катаральды белгілер байқалады. Аурудың 1-2-ші күнінде бөртпе пайда болады, негізінен қолдарда, аяқтарда және ауыз қуысының айналасында, олар 24-48 сағатқа созылады (кейде 8 күнге дейін), содан кейін ізі қалмастан кетіп қалады. Егер бұл шағымдар пайда болса, бәрі өтеді деп күтпеңіз, өзіңіз ем жасамай, дереу дәрігерге қаралу қажет.
Энтеровирусты инфекция лас қол арқылы, ластанған тамақ, көкөністер мен жемістер, су арқылы, көбінесе ашық су қоймалары, бассейндер, субұрқақтарда шомылу арқылы жұғуы мүмкін.
Күндіз балалар су ағындарының астында жүгіріп, ойнайды, ал кешке олар инфекциялық стационардың дене қызуының көтерілуі, іштің ауыруы, құсу, бас ауруы бар науқастарға айналуы мүмкін. Субұрқақтардағы су дезинфекцияланбайды, ал ыстықта ондағы бактериялардың көбею қарқыны жоғарылайды. Осындай суға түскенде, инфекцияны немесе тіпті паразиттерді жұқтырып алу мүмкіндігі жоғары. Шеңбер бойымен айналатын субұрқақтардың суы дезинфекцияланбайды, ағып кетпейді, сүзілмейді, бұл энтеровирустардың көбеюі үшін қолайлы орта. Субұрқақ шомылуға арналмаған.
«Субұрқақта шомылғаннан кейін жай ғана суық тиіп қана қоймай, сонымен қатар жіті ішек инфекциясы, конъюнктивит, энтеровирусты инфекциялар (мысалы вирустық серозды менингит), вирустық А гепатиті сияқты ауыр ауруларға шалдығуыңыз мүмкін. Үйсіз жануарлар мен құстар субұрқақтарда жүзуді ұнататынын ұмытпаңыз -олар да әртүрлі инфекциялардың тасымалдаушысы болуы мүмкін. Субұрқақта шомылғанды ұнататындарды күтетін тағы бір қауіп - құбырлар, сорғылар және шамдар. Олар әртүрлі ауыр жарақаттардың себебі болуы мүмкін. Сонымен қатар ток соғуы мүмкін, бұл да өте ауыр», - деп бөлісті Жетісу облысы СЭБД басшысы Асхат Чарапиев.
Ауырып қалмас үшін келесі ережелерді сақтау қажет:
• ішу үшін тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды қолданыңыз;
• әр тамақ ішер алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін қатаң сақтаңыз;
• жемістер мен көкөністерді жемес бұрын оларды щеткамен мұқият жуып, содан кейін қайнаған сумен шаю керек;
• қауіпсіз судан дайындалған мұзды тұтыныңыз;
• түшкіру және жөтелу кезінде аузыңызды қолыңызбен, майлықпен, орамалмен жауып, қолыңызды мүмкіндігінше жиі жуыңыз;
• жазғы маусымда тек ресми рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз, шомылу кезінде суды жұтып қоймауға тырысыңыз;
• сырқаттанушылықтың жоғарылау кезеңінде бассейндерге, аквапарктерге барудан және ашық су айдындарында шомылудан бас тарту;
• тағам өнімдерін жеке тұлғалардан және сауда үшін белгіленбеген орындардан сатып алмау;
• ылғалды тазалаумен үй-жайларды үнемі желдетіп отырыңыз;
• сырқаттанып тұрған баланы балабақшаға және мектепке жібермеу.
Related

News
Казахстан готовится войти в научную программу ЕС
Жаннұр Еділбаева·

News
Идея справедливости находит широкую поддержку в обществе — председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай
Жаннұр Еділбаева·

News
«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
Жаннұр Еділбаева·

News
Бекзат Саттархановқа жыр арнаған түрік ақыны – Фатих Кескин
Todayinfo редакциясы·