Несие бюросына қойылатын талаптар күшейді
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 16 тамыздағы қаулысымен несие бюросына қойылатын талаптар күшейді. Осы қаулы арқылы қашықтан қызмет көрсету үшін бағдарламалық қамтылымның қауіпсіздігі бойынша несие бюроларына қойылатын қосымша талаптар белгіленді. Талаптарға сәйкес, не

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 16 тамыздағы қаулысымен несие бюросына қойылатын талаптар күшейді.
Осы қаулы арқылы қашықтан қызмет көрсету үшін бағдарламалық қамтылымның қауіпсіздігі бойынша несие бюроларына қойылатын қосымша талаптар белгіленді.
Талаптарға сәйкес, несие бюролары бағдарламалық қамтылымды пайдалануға бергенге дейін оның бастапқы кодының қауіпсіздігіне талдау жасайды және анықталған кемшіліктерді жояды.
Қаулыда несие бюроларының веб-қосымшалары мен мобильдік қосымшаларын әзірлеудің де, оларды пайдаланудың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі қосымша айқындалған.
Бюролардың мобильді қосымшасынан операциялық жүйесінің қорғаныс тетіктерін бұзу немесе тұтынушының құрылғысын қашықтан басқару белгілері анықталса, қашықтан қызмет көрсетуді бұғаттау көзделген.
Бұл нормалар несие бюроларын бағдарламалық қамтылымның қауіпсіздік нормаларын күшейтуге міндеттейді. Бұл азаматтар үшін олардың деректерін өңдеу кезінде қосымша қорғаныс болады.
Құжатта несиелік бюроларды агенттіктің ақпараттық қауіпсіздік салалық орталығының ақпаратпен алмасу жүйесіне қосу бойынша қосымша талаптар айқындалған. Бұл несие бюроларының ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің жай-күйі, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс жағдайлары туралы ақпаратты онлайн режимде алуға мүмкіндік береді.
Related

Business
АҚШ-Иран тіресі: әлемде мұнай бағасы тағы қымбаттады
Айдар Керім·

Business
Almaty-Warsaw: Direct Flight to Europe to be Launched
Todayinfo редакциясы·

Business
Alstom builds electric locomotive depot in Arys: €50 million investment
Todayinfo редакциясы·

Business
Kyzylorda: Glass factory breaks ground with 60 billion tenge investment
Todayinfo редакциясы·