Todayinfo.kz
Шоу бизнесView all articles

«Өлең жазбағаныма 5 жыл болды, тоқырып қалдым»: 75 жасқа толған Жүрсін Ерман жан сырын ақтарды

Танымал ақын Жүрсін Ерман 75 жасқа толған туған күнінде  “Таңшолпан” бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Өнер иесі бүгінде денсаулығы сыр бергенін айтты. “Денсаулығым болмай отыр. Суық тиіп, қазір әрең отырмын. 75 жас деген оңай емес е

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Өлең жазбағаныма 5 жыл болды, тоқырып қалдым»: 75 жасқа толған Жүрсін Ерман жан сырын ақтарды
Танымал ақын Жүрсін Ерман 75 жасқа толған туған күнінде “Таңшолпан” бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Өнер иесі бүгінде денсаулығы сыр бергенін айтты. “Денсаулығым болмай отыр. Суық тиіп, қазір әрең отырмын. 75 жас деген оңай емес екен”, – деді ол. Сұхбат барысында жүргізуші “Жеке шығармашығында ойындағы дүниенің бәрін жасай алдыңыз ба?” деп сұрады.
“Жасай алған жоқпын. Бес жыл болды, денсаулығыма байланысты қазір өлең жазбаймын. Тоқырап қалдым. Өлең дегенді жүректің оты ыстық кезде жазады. Кезінде қолымнан келгенше жаздым. 20-25 шақты кітап та шығардым. Соңымнан ерген шәкіртім көп. Барлығы менің туған күнімді жасауға барын салып жүр”, – деді ақын.

Related

«Өлең жазбағаныма 5 жыл болды, тоқырып қалдым»: 75 жасқа толған Жүрсін Ерман жан сырын ақтарды · Todayinfo