Өскеменде өрт сөндіремін деген ТЖД қызметкері биік ғимараттан құлап кетті
Желіде тараған видеода өрт сөндірушінің қызметтік міндетін атқару кезінде биік ғимараттан құлап кеткен сәті бейнеленген. Қауіпті оқиға Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында 2025 жылдың 5 мамырында орын алды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Красин көшесіндегі т

Желіде тараған видеода өрт сөндірушінің қызметтік міндетін атқару кезінде биік ғимараттан құлап кеткен сәті бейнеленген. Қауіпті оқиға Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында 2025 жылдың 5 мамырында орын алды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Красин көшесіндегі тұрғын үйдің төртінші қабатында өрт шыққан. Өрт кезінде үйде ешкім болмаған. Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері құтқару жұмыстары барысында автобаспалдақпен көтеріліп бара жатып, абайсызда биіктен құлаған.
Құлаған өрт сөндірушіге ТЖМ Қауіп-қатер медицинасы орталығының мамандары алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Кейін ол травматология бөліміне жеткізіліп, оған «оң табаны сынған» деген диагнозы қойылған. Қазіргі таңда оның жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіп жоқ екені хабарланды. Оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.
Өрт сөндіру кезінде арнайы автокөтергіш техника қолданылғанымен, оқиға орнындағы қалың өсімдіктер техника жұмысына кедергі келтірген. Соған қарамастан өрт сөндірушілердің кәсіби әрекетінің арқасында оттың жоғарғы қабаттарға және көршілес пәтерлерге таралуына жол берілмеді.
Министрлік дерегінше, өрт сөндіруші бөлімшелердің жедел әрі үйлесімді жұмысы арқасында оқиға үлкен зардапқа ұласқан жоқ.
Related

News
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

News
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

News
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

News
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·