"2023 жылы индустриялық аймақта 9,6 млрд. теңгеге 585 жұмыс орны ашылған 8 инвестициялық жобаны техникалық іске қосу жүзеге асырылды, атап айтқанда 8,3 млрд. теңгеге 285 жұмыс орны құрылған 5 кәсіпорын («Әлем Тынысы» ЖШС, «Green Innovation» ЖШС, «БСФ» ЖШС, «Ирригатор Қазақстан» ЖШС, «Telli Ondiris» ЖШС) және 1,3 млрд. теңгеге 300 жұмыс орнын құрылған 3 шағын өнеркәсіп паркі («D&J Investments & Logistic» ЖШС, «ADS Industries» ЖШС (2-кезең), «Mirus Company» ЖШС) бар", -делінген хабарламада.«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында 980 млн.теңгеге 15 жұмыс орнын құрған RAWAK төмен вольтты жүйесінің инновациялық технологиясын қолдана отырып, электротехникалық жабдық өндіретін «OISB Kazakhstan» (Малайзия) зауыты іске қосылды.
Алматыда өткен жылы 2 трлн. теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді
2023 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда 2022,1 млрд. теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 115,8% жоғары, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Өңдеуші өнеркәсіп салаларының ішінде нақты көлем индексі 117,5% болды (көлемі 1737,9 млрд. теңг

2023 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда 2022,1 млрд. теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 115,8% жоғары, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Өңдеуші өнеркәсіп салаларының ішінде нақты көлем индексі 117,5% болды (көлемі 1737,9 млрд. теңге, үлесі 85,9%), фармацевтикалық препараттар өндірісіндегі көлемдердің 8,6%-ға (үлесі 1,3%, «Фармация» СК тапсырыстары), автомобильдердің, тіркемелер мен жартылай тіркемелердің 31,3%-ға (үлесі 29,9%), өзге де металл емес минералдық өнімдердің 6,8%-ға (үлесі 5,5%, құрылыс ұйымдарының тауарлық бетонға, құрылыс ерітінділеріне тапсырыстары), дайын металл бұйымдарының тапсырыстары 10,9%-ға (үлесі 2,5%, құрылыс ұйымдарының қара металдар мен алюминийден жасалған есік пен терезе жақтауына тапсырыстары), жиһаздың тапсырыстары 3,6 есе (үлесі 1,1%), машина жасау саласында 11,3%-ға (үлесі 39,5%, автокөлік құралдарын шығару, экспорттық жеткізілімдер) өсуі байқалады.
Жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында машина жасау, тамақ, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, химия өнеркәсібі және құрылыс материалдары өндірісінің басым салаларын дамыту үшін құрылған Алматының индустриялық аймағы белсенді дамып келеді.
Related

Business
Qinghai Province and Almaty Region Deepen Partnership in Tourism, Green Technologies, and Investment
Айдар Керім·

Business
Первичка или вторичка? Эксперт рассказала, где сегодня выгоднее покупать квартиру в Алматы
Айдар Керім·

Business
Алматыда пәтердің шаршы метрі 1,5 млн теңгеге жетті: сарапшы түрғын үй нарығына шолу жасады
Айдар Керім·

Business
High-grade salt plant opens in Aral district
Todayinfo редакциясы·