Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

«Өз ақшамызға барып, чемпион атандық»: Маңғыстаулық спортшыларға әкімдік қаражат бөлмей отыр (ВИДЕО)

20-23 қаңтар күндері Алматы қаласында өткен джиу-джитсудан жастар арасындағы Қазақстан чемпионатына Маңғыстау облысынан он тоғыз джитсер қатысып, 6 алтын, 2 күміс пен 1 қола медаль ұтты, деп Тodayinfo  ақпараттық порталы. Жарысқа Маңғыстау облысының джиу-джитсудан жастар ара

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Өз ақшамызға барып, чемпион атандық»: Маңғыстаулық спортшыларға әкімдік қаражат бөлмей отыр (ВИДЕО)
20-23 қаңтар күндері Алматы қаласында өткен джиу-джитсудан жастар арасындағы Қазақстан чемпионатына Маңғыстау облысынан он тоғыз джитсер қатысып, 6 алтын, 2 күміс пен 1 қола медаль ұтты, деп Тodayinfo ақпараттық порталы. Жарысқа Маңғыстау облысының джиу-джитсудан жастар арасындағы аға жаттықтырушысы Жәнібек Әбу-Бәкір өз қалтасынан 3 млн теңге шығарып, 19 спортшыны жарысқа апарған.
«Келесі айда Тайландта өтетін Азия чемпионатына Маңғыстаулық джитсерлер кімнің ақшасымен барады? Әлде, аға бапкер Жәнібек Әбу-Бәкір тағы да кредит алып, Азия чемпионытына шәкірттерін апара ма? Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, мемлекет бөлген қаржыны нәтиже көрсетіп жүрген спортшыларға неге бермейсіздер?», - деп жазған спортшылар.
Кейін спортшылар Маңғыстауға оралғанда оларды сый-сияпатпен тек ата-аналары күтіп алған. Спортшыларының үндеуіне өңірдің азаматтары спортшыларды қолдау керегін жазып, спорт басқармасының әрекетін сөккен.  
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Подслушано Актау (@podslushano_aktau12)

Related

«Өз ақшамызға барып, чемпион атандық»: Маңғыстаулық спортшыларға әкімдік қаражат бөлмей отыр (ВИДЕО) · Todayinfo