Todayinfo.kz
NewsView all articles

Өзбекстанға 45 млн теңгеге айфон алып өтпек болғандар ұсталды

Өзбекстан мен Қазақстан шекарасындағы «Навои» кеден бекетінде төрт азамат iPhone маркалы 180 ұялы телефонды заңсыз алып өтпек болған. Өзбекстанның Ташкент облыстық кеден басқармасы олардың ұсталғанын хабарлады, деп жазады Todayinfo. Телефондар киім астына және жолжүгінің ішіне жа

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Өзбекстанға 45 млн теңгеге айфон алып өтпек болғандар ұсталды

Өзбекстан мен Қазақстан шекарасындағы «Навои» кеден бекетінде төрт азамат iPhone маркалы 180 ұялы телефонды заңсыз алып өтпек болған. Өзбекстанның Ташкент облыстық кеден басқармасы олардың ұсталғанын хабарлады, деп жазады Todayinfo.

Телефондар киім астына және жолжүгінің ішіне жасырылған

Кедендік бақылау кезінде жолаушылардың беліне, киім астына және қол сөмкелеріне жасырылған iPhone смартфондары табылған.

Құрылғылардың жалпы құны – шамамен 45 млн теңге (1 млрд 80 млн өзбек сомы).

«Контрабандалық әрекет кеден қызметінің жеке қауіпсіздік және заңсыз айналыммен күрес бөлімдері жүргізген жедел шара барысында анықталды», – делінген ресми хабарламада.

Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тексеру жүріп жатыр. Кінәлі азаматтарға қатысты нақты шешім тергеу нәтижесінде белгілі болмақ.

Фото: Өзбекстанның Ташкент облыстық кеден басқармасы

Related

Өзбекстанға 45 млн теңгеге айфон алып өтпек болғандар ұсталды · Todayinfo