Өзендерде су деңгейі көтеріліп, тұман, көктайғақ болады: синоптиктер ескерту жасады
[ad_1] Синоптиктер 1 сәуірде еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертті. Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында өзен деңгейі көтеріліп, елді мекендерді су басу қаупі бар, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Астанада және Ақмола облысының солтүстігін

[ad_1]
Синоптиктер 1 сәуірде еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертті. Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында өзен деңгейі көтеріліп, елді мекендерді су басу қаупі бар, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Астанада және Ақмола облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Таңертең оңтүстік-батыстан және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аймақтарда тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ, батыста тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында тұман күтіледі.
Атырау облысында тұман күтіледі.
Қостанай облысында жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.
«2024 жылғы 2 сәуір мен 5 сәуір аралығында Қостанай және Қостанай облысында ауа температурасының күндіз +12+17, облыстың оңтүстігінде +20 градусқа дейін күрт көтерілу болжамына байланысты түнде 0+5 градусқа дейін төмендейді, жаңбыр жауады, қар қарқынды түрде ериді, еріген ағынды судың және облыс өзендерінде мұз режимінің әлсіреуі салдарынан су деңгейінің одан әрі жоғарылауы күтіледі. Сонымен қатар, жолдарды, елді мекендер мен шаруашылық құрылыстарды су басу қаупі сақталады», - делінген хабарламада.
Related

Өзекті жазбалар
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
3200 сәби: Оқас Сүлеймен не себепті Си Цзиньпиннен марапат алғаны белгілі болды
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Батыс Қазақстанда екі полицей қызмет барысында қаза тапты
Айдар Керім·