Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Ойым өзгерді»: Атышулы Жан Ахмадиев Баян Алагөзовадан кешірім сұрады

Қоғам белсендісі, блогер Жан Ахмадиев кезінде айтқан сөзі үшін өкінетінін жеткізіп, кешірім сұрады, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ол «QazaqAiran» жобасына берген   сұхбатында  продюсер Баян Алагөзовадан да кешірім сұрады. Сонымен қатар қазір әйелдерге

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Ойым өзгерді»: Атышулы Жан Ахмадиев Баян Алагөзовадан кешірім сұрады
Қоғам белсендісі, блогер Жан Ахмадиев кезінде айтқан сөзі үшін өкінетінін жеткізіп, кешірім сұрады, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ол «QazaqAiran» жобасына берген  сұхбатында продюсер Баян Алагөзовадан да кешірім сұрады. Сонымен қатар қазір әйелдерге деген көзқарасы өзгергенін айтты.
«Темір қатын» деген әнімді Баян Мақсатқызына арнап шығарғанмын. Сол үшін ол маған ренішін білдірді. Ол кезде мінезім жас кезім еді. Кейін ойым өзгерді. Бір кезде «әйелді аптасына бір рет ұрып тұру керек» деп те айтқаным бар. Бірақ ол – бұрынғы Жан Ахмадиевтің сөзі. Қазір ондай ойдан толықтай бас тарттым. Мені негізі тастап кеткен, асырап алған отбасында өстім. Сондықтан іште әйелдерге деген реніш қалып қойған деп айтады психологтер. Шын мәнінде, біздің қоғамда әйелдер әлі толық бағаланбайды. Керісінше, еркектердің өзі әлсіреп, әйеліне қол көтеретін жағдайлар жиілеп кетті. Мені көріп отырған барлық әйелден кезінде айтқан ауыр сөздерім үшін шын жүректен кешірім сұраймын», – деді ол.
Ол бүгінде кішкентай қызы өсіп келе жатқанын жеткізді.

Related

«Ойым өзгерді»: Атышулы Жан Ахмадиев Баян Алагөзовадан кешірім сұрады · Todayinfo