Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Оның қайсарлығына қарашы, бет қаратпайды»: Қазақстандық олигархтың әйелі Алматыда Путинді дәріптейтін медиафорум өткізді

Алматыдағы медиафорумда ресейлік коуч Алексей Ситниковтың Путинді мақтап сөйлеген сөзі қазақ қоғамының ашу-ызасына тиді, деп хабарлайды Todayinfo. Энергетика саласының олигархы Сергей Канның әйелі Жанна Кан ұйымдастырған BeWoman әйелдер форумында әлгі Ситников Ресей президентінің

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
«Оның қайсарлығына қарашы, бет қаратпайды»: Қазақстандық олигархтың әйелі Алматыда Путинді дәріптейтін медиафорум өткізді
Алматыдағы медиафорумда ресейлік коуч Алексей Ситниковтың Путинді мақтап сөйлеген сөзі қазақ қоғамының ашу-ызасына тиді, деп хабарлайды Todayinfo. Энергетика саласының олигархы Сергей Канның әйелі Жанна Кан ұйымдастырған BeWoman әйелдер форумында әлгі Ситников Ресей президентінің тұлғасына табынып, оны «жеңілмейтін лидер» ретінде дәріптеген. Бұл туралы Ertenmedia жазды.
«Путиннің қайсарлығына, табандылығына қараңызшы. Оған қарсы 55 мемлекет шайқасуда, бірақ ол бет қаратпай келе жатыр. Трамптың өзі Путинді ұшақтан түскен бетте қалай күтіп алғанын көрдіңіздер ме? Ол басқа ешкімді бұлай қарсы алмайды. Тұлғаның пассионарлығы ұлтты ғана емес, тұтас әлемді өзгертетін күшке айналады», – деген ресейлік психологтың сөзі Кремль басқыншылығын қолдамайтын қауымның құлағына түрпідей тиді. Қазақтілді орта Путинді пайғамбар санайтын адамның Қазақстанға қалайша аяқ басқанына аң-таң. Әлемжелідегі қауым Ситниковтің сөзін пропаганда мен провокация деп бағалап отыр.
"Ситниковті бұлайша сайратып қоюға кім рұқсат берді? Путин басқыншылығын дәріптеуге жол берілмеуі тиіс. Идеологияға жауапты басшылар қайда қарап отыр? Сол шарада әлгінің аузына қақпай қоятын адам табылмады ма?", - дейді желідегі жұрт.
Алексей Ситников Ресейде психология мен коммуникация бойынша тренинг өткізіп жүрген коуч. Жалпақ тілмен айтқанда "инфоцыған". Оны Алматыдағы BeWoman форумына аттай қалап алдырған Жанна Кан есімді әйел еліміздегі энергетика саласын билеп төстеп отырған Сергей Канның жұбайы. Сергей мен оның серіктесі Александр Клебанов Екібастұз бен Шымкенттің ТЭЦ-ін әбден тоздырып, қыс ортасында мыңдаған адамды дірдектетіп қойғанын ұмыта қойған жоқпыз. Айтпақшы, дәл осы Жанна түнеукүні ғана қазақтарға ақыл үйреткен болатын. Оның сөзінше, қазақтар салық төлеуді Еуропа мен Әмірикадағыдай әдетке айналдыруы тиіс екен. Сонда ғана "Қаңтар оқиғасы" қайталанбай, елде мамыражай заман орнайды. Фото: Ertenmedia

Related

«Оның қайсарлығына қарашы, бет қаратпайды»: Қазақстандық олигархтың әйелі Алматыда Путинді дәріптейтін медиафорум өткізді · Todayinfo