Оқушылар өздерінен 15 жас үлкен қызды пойыздың дәретханасында жабылып зорлаған
Мәскеу облысындағы қала маңындағы пойызда бес оқушы жабылып қыз зорлаған. Ал 28 жастағы қыз 13-16 жастағы ұлдардың айтқанына амалсыз көнген, деп хабарлайды Todayinfo. 28 жастағы бойжеткен түнде Щёлково станциясында электр пойызға отырған. Басында ол вагонда жалғыз болған, кейін 1

Мәскеу облысындағы қала маңындағы пойызда бес оқушы жабылып қыз зорлаған. Ал 28 жастағы қыз 13-16 жастағы ұлдардың айтқанына амалсыз көнген, деп хабарлайды Todayinfo.
28 жастағы бойжеткен түнде Щёлково станциясында электр пойызға отырған. Басында ол вагонда жалғыз болған, кейін 13 пен 16 жас аралығындағы бес жасөспірім пойызға кіріп, бойжеткенді қорқытуға көшкен.
«РЕН ТВ» арнасының мәліметінше, жабайы жасөспірімдер көшеде жәбірленушіні ұрып-соғып, келесі пойызға мәжбүрлеп отырғызып, дәретханада жабылып зорлаған.
Содан кейін қаскөйлер қызды өздерімен бірге пәтерге алып кетіп, зорлық-зомбылықтарын жалғастырған. Таяқ жеп, зорланған қыз бірден арыз жазған. Оқушылардың бәрі ұсталып, тергеуге алынды.
Фото: runews24.ru
Related

World
Сол жақ моторы істен шыққан: 200 жолаушысы бар ұшақты найзағай соқты
Айғаным Нариманова·

World
Молния ударила в самолет с более чем 200 пассажирами
Айғаным Нариманова·

World
Газа аймағында 56 мың бала жетім қалды
Айғаным Нариманова·

World
Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты
Айғаным Нариманова·