«Орамалмен алдыңғы қатарда отыруға болмайды»: «Жайдарманда» шу шықты
TikTok әлеуметтік желісінде тараған видеода орамал таққан қыз өзінің "Жайдарман" Ұлттық лигасының түсірілімінде бірінші қатарға отыруына тыйым салынғанын айтып, дискриминацияға ұшырағанын мәлімдеді. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды. «Орамалмен бірінші қатард

TikTok әлеуметтік желісінде тараған видеода орамал таққан қыз өзінің "Жайдарман" Ұлттық лигасының түсірілімінде бірінші қатарға отыруына тыйым салынғанын айтып, дискриминацияға ұшырағанын мәлімдеді. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Орамалмен бірінші қатарда отыруға болмайды» – операторлар уәжі
Автордың айтуынша, ол арнайы төрешілердің артындағы бірінші қатарға билет алып, алдын ала келіп орнына отырған. Алайда бірнеше оператор келіп, өз орнын босатуды сұраған. Себебі ретінде қызыл түсті орамалдың "телеэфирге жарамсыздығы" және "басшылықтың тапсырмасы" айтылған.
Басталуға аз қалды, төрешілер келе жатыр. Өтініш, басқа орынға өтсеңіз.
– Бұл орамал үшін бе?
– Иә. Бірінші қатарда орамалмен отыруға болмайды. Бізге солай тапсырма берілді", – деп жауап берді операторлардың бірі.
Шағымданушы түсірілім аяқталған соң жауапты тұлға — Жанасыл Болатбекпен сөйлескен. Оның айтуынша, бұл "телеарналар талаптарына сай басшылық шешімімен жасалған" әрекет екен.
"Барлық телеарна талаптары солай. Жазылатын заңдар бар, жазылмайтын заңдар бар", – деген жауап алғанын жазады орамал таққан көрермен.
Көрермен бұл әрекетті құқық бұзушылық деп бағалап, "Жайдарман" жобасының жетекшісі Есен Елеукен мен продюсер Ғалым Махамбетовтен түсініктеме беруін талап етті.
"Орамал таққан қыздардың 1-қатарда отыруына тыйым салынуы — қандай заңмен реттеледі? Егер бұл шарт болса, неге билет сатуда ескертілмейді? “1-қатарда орамал таққан қыздарға орын берілмейді” деген тәртіп қайда жазылған? Бұл әрекет — мұсылман әйелдердің құқығын шектеу", – делінген үндеуде.
Аталған жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, Қазақстандағы діни белгілер бойынша кемсіту, телеарна талаптарының заңдылығы және адам құқықтарының сақталуы туралы мәселелерді қайта көтерді.
<blockquote class="tiktok-embed" cite="https://www.tiktok.com/@_dinaram/video/7500511443343707398" style="max-width: 605px;min-width: 325px;" > <section> <a target="_blank" title="@_dinaram" href="https://www.tiktok.com/@_dinaram?refer=embed">@_dinaram</a> <p>Орамалыма кезекті шектеу Бүгін Жайдарман Ұлттық лигасын көруге бардым. Орным — төрешілердің артындағы 1-қатар. Алдын ала келіп, өз орнымда отырдым. Қасымда құрбымды күтіп отырғанмын. Бір оператор келіп: – Алдыңғы бос орынға өтсеңіз, — деді. Мен: – Жоқ, менің алған орным осы. Өз орнымда отырамын, — деп жауап бердім. Сәлден соң екінші оператор келді: – Қазір “Хабар” арнасына түсірілім басталады. Қызыл киіммен отыруға болмайды, — деді. Мен: – Қызыл орамалдың не қатысы бар? — деп сұрадым. – Қарындас, анау бос орынға барып отырсаңызшы, оператор айтып жатыр, — деді тағы. Мен тағы да: – Менің орным осы. Өз орнымнан тұрмаймын, — дедім. Кейін тағы бір оператор келіп: – Басталуға аз қалды, төрешілер келе жатыр. Өтініш, басқа орынға өтсеңіз. Мен: – Бұл орамал үшін бе? Ол: – Иә. Бірінші қатарда орамалмен отыруға болмайды. Бізге солай тапсырма берілді, — деді. Мен: – Онда басшыңызды шақырыңыз, — дедім. Жайдарман біткенше орнымда отырдым. Кейін жағдайдың анық-қанығын білу үшін түсірілімге жауапты адамды іздедім. Жанасыл Болатбек мырзадан сұрадым. Менің құқығым шектеліп жатыр, не себепті деп .Ол: – Бұл басшылықтың тапсырмасы. Барлық телеарна талаптары солай. Жазылатын заңдар бар . Жазылмайтын заңдар бар. Солай енді… – деді @zhanasil ⸻ Құрметті Есен Елеукен мырза! @jaidarman_production @galym_makhambetov Осы жағдайға қандай пікір айтасыз? Орамал таққан қыздардың Жайдарман көруіне, 1-қатарда отыруына тыйым салынғаны — қандай заңмен реттеледі? Егер бұл шарт болса, неге билет сатуда ескертілмейді? “1-қатарда орамал таққан қыздарға орын берілмейді” деген тәртіп қайда жазылған?! Қазақстан телеарналарында орамалмен түсуге тыйым салынатыны, мұсылман әйелдердің жиі шеттетілетіні — ашық құқық бұзушылық. @tokayev_online Жалғасы⤵️</p> <a target="_blank" title="♬ оригинальный звук - DINARAM" href="https://www.tiktok.com/music/оригинальный-звук-7500511479305947959?refer=embed">♬ оригинальный звук - DINARAM</a> </section> </blockquote> <script async src="https://www.tiktok.com/embed.js"></script>
Related

News
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

News
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

News
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

News
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·