Пәкістанда сот елдің бұрынғы премьер-министрі Имран Ханды мемлекеттік құпияларды жария етті деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Еuronews агенттігі.
Дәл осындай мерзімге Пәкістанның бұрынғы сыртқы істер министрі және Ханның «Әділдік үшін қозғалыс» партиясы төрағасының орынбасары Шах Мехмуд Куреши сотталды. Айыптау үкімінде көрсетілгендей, Хан Пәкістанның Вашингтондағы елшісінің үкіметке жіберген құпия жеделхатының мазмұнын жариялаған.
Отырыс Равалпиндидегі түрмеде өтті. Онда бұрынғы премьер жемқорлық үшін тағайындалған үш жылдық жазасын өтеп жатыр. 71 жастағы Имран Хан өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, олардың «саяси астары бар» екенін айтты.
Айта кетейік, жаңа үкім Пәкістанда 8 ақпанда өтетін жалпы сайлауға 10 күн қалғанда шығарылды.
Пәкістанның экс-премьері мемлекеттік құпияны жария еткені үшін 10 жылға сотталды
Пәкістанда сот елдің бұрынғы премьер-министрі Имран Ханды мемлекеттік құпияларды жария етті деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Еuronews агенттігі . Дәл осындай мерзімге Пәкістанның бұрынғы сыртқы істер министрі және Ханның «Әділдік үшін қозғалыс» парт

Related

Politics
«Әділет» партиясының тізімі жарияланды
Айдар Керім·

Politics
Қытай Қазақстан экономикасына 30 млрд доллардан астам инвестиция салды - Тоқаев
Айғаным Нариманова·

Politics
Трамп халыққа шұғыл үндеу жасайтынын мәлімдеді
Айғаным Нариманова·

Politics
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне және оның әулетіне көңіл айту үшін Дохаға барды
Айғаным Нариманова·