Пәтер, көлік алған: Балаларға бөлінген 450 млн-ды жымқырған мектеп есепшісі сотталды
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қаладағы бір мектептің бас есепшісіне қатысты үкім шығарды. Ол Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («Мемлекетке сеніп тапсырылған аса ірі мөлшердегі мүлікті жымқыру») және 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы («Қылмы

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қаладағы бір мектептің бас есепшісіне қатысты үкім шығарды. Ол Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («Мемлекетке сеніп тапсырылған аса ірі мөлшердегі мүлікті жымқыру») және 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы («Қылмыстық жолмен алынған ірі мөлшердегі ақшаны немесе өзге мүлікті заңдастыру») бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот материалдарына сәйкес, айыпталушы қызмет бабын пайдаланып, мемлекетке 451,1 миллион теңге көлемінде материалдық залал келтірген. Ол бұл қаражатқа бірнеше пәтер, автокөлік, жер телімі мен бағалы қағаздар сатып алған.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Related

News
Арыста 52 жастағы жүргізуші жүкті әйел мен екі баланы қағып өлтірді
Айғаным Нариманова·

News
Германияда Facebook қолданушылары канцлер Мерцті қорлағаны үшін айыппұл арқалады
Жаннұр Еділбаева·

News
В Германии пользователей Facebook оштрафовали за оскорбления канцлера Мерца
Жаннұр Еділбаева·

News
«Қыздың беті өз үйінде ашылды»: Жәкішевтер әулетінің тойы қызу талқылануда
Айғаным Нариманова·